Өлең, жыр, ақындар

Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас

  • 15.04.2015
  • 1
  • 11
  • 51924
Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас,
Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.
Жүректен қызу-қызба кете қалса,
Өзге тәннен еш қызық іс табылмас.

Достық, қастық, бар қызық — жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл — күзетшісі.
Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық,
Арын, алқын — бұл күннің мәртебесі.

Қартаң тартқан адамнан от азаймақ,
От азайса, әр істің бәрі тайғақ.
Шаруаң үшін көрінген ақыл айтып,
Жолың тайғақ, аяғың тартар маймақ.


Пікірлер (11)

Мариям

тағы қоссаңыздар бәрі өте керемет болады

Айзере

Өте тамаша

ұлпан

керемет

Азиза

Өте керемет тақпақ

Myrza

Өте керемет

Мубина

Мәссаған маған ұнады бірақ тым қарапайым

Мубина

Өте жақсы бірақ өте қарапайым

Мубина

мен аутизммен ауырып жатрмын мени кешериниз

Мубина

менын оимша жаксы

Пікір қалдырыңыз

Қуанбаңдар жастыққа

  • 1
  • 21

Қуанбаңдар жастыққа,
Елірме күлкі, мастыққа.
Көзің қайдан жетеді
Достық пенен қастыққа?

Толық

Кешегі Оспан ағасы

  • 0
  • 1

Кешегі Оспан ағасы
Кісінің малын жемепті.
Мал сұраған кісіге
Жоқ, қайтемін демепті.

Толық

Ем таба алмай

  • 1
  • 10

Ем таба алмай,
От жалындай,
Толды қайғы кеудеге.
Сырласа алмай,

Толық