Мен көрдім ұзын қайың құлағанын
- 0
- 11
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?
Бұл бетте «Шығыс ақындарынша» атты Абай Құнанбайұлы (Құнанбаев) жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?
Шілік пен емен бір күн сөйлесіпті:
— Аллаға, сорлы, неден жаздың? — депті.
Торғайға да майысып солқылдайсың,
Жел бүлк етсе, тебесің әлпеншекті.
Қорасына бір байдың
Түнде кірді ұрылар.
Қазынасы қайда сондайдың,
Аңдығыш, білгіш құрғырлар.
Жол көрмек, жоба білмек, жиһан кезбек,
Бой жеңбек, ер жігітке, ғақыл таппақ.
Тағдырын көрушінің хақтан біліп,
Көшелі өнер иесін жүрсе жақтап.
Менсінбеуші ем наданды,
Ақылсыз деп қор тұтып.
Түзетпек едім заманды,
Өзімді тым-ақ зор тұтып.
БЕКЗАТ SARSENOV
АБАЙҒА СӨЗ ЖОҚ НАҒЫЗ АҚЫН
Алихан
Кандай керемет! ар сози оте тусиникти, дурыстап окысан пожзиясы мен образга киру онай екен. Мундай тамаша создерди ешкайдан таба алмай журген едим.
Ақерке
Өлеңдерге сөз жоқ, тек кейбір тақпақтары түсініксіз. Мен бауырыма Абайдың 3-4 шумақ өлеңдерін іздеп жүрмін. Бауырым бір оқиды, Абайдың махаббат туралы өлеңдері шығып кетеді
Лаура
“Шығыс ақындарынша” өлеңін оқып шықтым — жүрегіме ерекше әсер бере алды. Бұл туындыда Абай Құнанбайұлының шығыс ақындарының поэтикалық дәстүріне деген құрметі сезіледі: әдемі бейнелер, табиғат пен адам арасындағы нәзік байланыс, асыл сөздің терең мағынасы өз алдына бір әлем салады. Әсіресе сөздердің сезімді жеткізуі мен ритмі маған қатты ұнады — мұндай поэзия қазақ әдебиетінің байлығы деп білемін. Рахмет!