Өлең, жыр, ақындар

Пушкин Вольтерден

  • 16.04.2015
  • 1
  • 2
  • 14283
Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің,
Қыздыратын жасты қайдан ал дейсің?
Өмірімнің таңын қосып кешіне,
Бер қайтадан өткен күннің һәммесін!
Бере алмасаң, кең салалық бейілді,
Жас қызығын көрсін жастар кейінгі.
Тәтті өмірмен нәпсі көңілін ауладық,
Қалғанымен алданталық зейінді!
Уа, дариға!
Өттің бастан, қызық жас!
Өзіңе жөн, өзгелерге бұзық жас.
Қайғы, қасірет дертін жанға батырмай,
Қайран жастық!
Қызуымен қылған мас!
Көрінбестен өмір көбі өткен шақ,
Тіршіліктің сән, ләззаты кеткен шақ.
Ойын, күлкі, мәжілістен, қызықтан
Мезгіл қуып: «Шық!» - деп әмір еткен шақ.
Жасың айтса, көнбегеннен не пайда?
Уақыттың тілі шолақ: «жүр!», «айда!»
Тұрлауы жоқ, өзгерілгіш өмірдің
Өтпесіне еткен, сірә, кім айла!
Мүмкін десек адамзатқа екі өлмек,
Бірі соның - «жасым жетті» деп көнбек.
Бұл өлімнің ардақтысы, аруы,
Мұнан кейін өлім бе сол дем сөнбек?!


Пікірлер (2)

Марат

Ахмет Байтұрсынұлының Пушкиннен аударған «Вольтерден» өлеңі – өмірдің өткіншілігі, жастықтың қымбаттығы мен уақыттың қатыгездігі туралы терең философиялық толғаныс! Бұл – А.С.Пушкиннің Вольтерден алған идеясын қазақ тіліне шебер көшірген, жүрекке жететін асыл туынды. Ахмет Байтұрсынұлы – мәңгілік ұлы есім! ❤️

Пікір қалдырыңыз

Алтын әтеш

  • 1
  • 6

Беріде емес, әріде?
Пәлен жұрттың жерінде
Болған жақсы хан Дадан.
Талай көріп қауіпті,

Толық

Жарлы бай

  • 1
  • 5

Бір күні Жарлы отырып ойға қалды,
Байларға кейбір сараң көзін салды.
«Ішіп-жеді, рақатын көрмеген соң,
Не керек, - деді, - жиып пұл мен малды?

Толық

Екі шыбын

  • 1
  • 17

Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,
Қайтты елге сабанымен кешке таман.
Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,
Кез болды бір танысы жолда оған.

Толық