Өлең, жыр, ақындар

Қадір түні

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Шүкір айтып жеттік айдың сұлтанына,
Пайғамбар нұрын шашып ұрпағына.
Жалқауланбай тілейік дұғамызды,
Мүмкін мұндай туылмас күн тағы да.

Рамазанның ұлықталар мерекесі,
Кеңейтер кең пейілдің керегесі.
Қасиетті саналар Қадір түні,
Мұсылманның нағыз той берекесі!

Қадір түні Құранды тартты сыйға,
Сол түні сауабыңды мол қып жина.
Мешітке жамағатпен бірге асық,
Бойыңды нəпсілерден алшақ тыйда.

Қолды жайып сұрағың керегіңді,
Болсыншы тек ойыңыз терең ізгі.
Жалбарынып сұрасаң Жаратқаннан,
Құлақ асып,тыңдайды мына сізді.

Періштелер түседі көктен жерге,
Намазға жығыл сенде көппен бірге.
Төрінен орын алар жəннат бақтың,
Сіз шығар Пайғамбарым күткен пенде!

Бұндай күн туылмайды сізге күнде,
Бұл күні ашуланба,ойнап, күлме.
Қабыл болар тілеген тілегіңіз,
Мың айдан да қайырлы болған түнде.

Нұрға толсын жұп жұмыр жүрегіңіз,
Бақытты өмір сонда сүреміз біз.
Қасиетті саналар Қадір түнде,
Болсын қабыл тілеген тілегіңіз!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қадір түні өлеңінің авторы кім?

Махамбетәлиева Зере — осы өлеңнің авторы.

Қадір түні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қадір түні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Махамбетәлиева Зере өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қадір түні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері