Өлең, жыр, ақындар

Қашаған мен Аралбай

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2382
Баласы өліп, бал қызығы оралмай,
Құяңы ұстап жайлауына бара алмай,
Айрақтыда аласа үйдің ішінде,
Жатыр еді қам көңілді Аралбай.
Зор тұлғасын сом болаттан жасаған,
Ширатардай қам көңілді босаған,
Осы сәтте жүдеу ақын үстіне,
Кіріп келді от жігерлі Қашаған.
Үндемеді,
Көңіл айту мұратты,
Елемеуі, қалай, осы сын шақты?
Қолына алып домбырасын Аралбай,
Қашағанға мұң шақты:
«Тұяғы сынған тұлпармын,
Қанаты сынған сұңқармын!..»
Ағытты ақын өкпесін,
Ағытты сырын іңкәр бір.
Арманы оның көп еді,
Болмайды әсте дегені.
Ағытты шемер-шеменін:
«Көңілім шатты күйінде,
Аралбай едім халқыма.
Әлдилеп сүйген жалғызым:
Қайырылмай кетті-ау артына...»
Аяқтап жырын Аралбай,
Қайтадан келді баяғы,
Қамкөңілді қалпына.
Ащыдан тұрған тек қана,
Екі ақынның да өмірі.
Жұбату айтты баппенен,
Домбыра сазды қоңыр үн:_
«Замандасым Аралбай,
Білмей қалдым балаңды-ай...
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,
Қанаты бүтін сұңқар жоқ.
Болаттан бекем бол, жаным...»
Нөсерлете төкті кеп,
Қашаған да арманын.
Жасағанға ие жазған.
Шындықты айтты бір ғана,
Қашағанға жыр жазған,
Қимапты ғой бір бала,
Тұр Аралбай орныңнан.
Мойныңды бұр, бер қара.
Шығар перзент алдыңнан,
Әкім үшін — билік те,
Ақын үшін жыр ғана!...

Осыдан кейін Аралбай төсегінен тұрып, ұсталық, етікшілік, құлпытас қашау тәрізді кәсібімен айналысып, жырын жырлап кетіпті»



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тіледім тілек...

  • 0
  • 0

Мединада – Мұхаммед,
Түркiстанда – Қожа-Ахмет,
Маңғыстауда – Пiр Бекет!
Салтанат-сәндi Ауыл ек,

Толық

Махамбет пен Пушкин

  • 0
  • 0

Дананы бір кезіктірер данаға,
Ұлылықтың өз кесімі бола ма?
Александр Сергеевичті,
Текеде,

Толық

Түсінсең-ау

  • 0
  • 0

Түсінсең-ау:
Сені құрбым көгімдегі Күн етем.
Сені құрбым, көңілімдегі Гүл етем.
Ех, дариға, соны ғана білсем-ау,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер