"Жалқау" туралы Мақал-мәтелдер
"Жалқау" туралы мақал-мәтелдер жинағы.
Жаманға жан жуымас,
Жалқауға мал жуымас.
Ілмектер:
жаман, жалқау
Жалқау— өзіне жау.
Ілмектер:
жалқау
Екі жалқау — елге сыймас.
Ілмектер:
жалқау
Еңбектің наны тәтті.
Жалқаудың жаны тәтті.
Ілмектер:
еңбек, жалқау
Еңбек адамды бүтіндейді.
Жалқаулық адамды түтіп жейді.
Ілмектер:
еңбек, жалқау
Жалқауға жатса да — мейрам,
Тұрса да — мейрам.
Ілмектер:
жалқау, еңбек
Жалқаудың жұмысы өнбейді
Жаяудың жүрісі өнбейді.
Ілмектер:
жалқау, еңбек
Тауық құс емес.
Жалқау кісі емес.
Ілмектер:
жалқау, еңбек
Тауық құс емес.
Жалқау кісі емес.
Ілмектер:
жалқау, еңбек
Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау ұйқыға тоймайды
Ілмектер:
ақымақ, жалқау
Жалқау — жарты кісі.
Ілмектер:
жалқау
Жалқау жатып ішер,
Отырып ұйықтар.
Ілмектер:
жалқау
Қыздың аңқауынан сақта,
Ұлдың жалқауынан сақта.
Ілмектер:
қыз, ұл, жалқау
Үйі жыртық тамшы жейді,
Жалқау тантық қамшы жейді.
Ілмектер:
үй, жалқау
Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі,
Жалқау жан қиналмай малдан дәмелі.
Ілмектер:
ауру, жан, мал, жалқау
Жалқауға сөз, шабанға таяқ өтпейді.
Ілмектер:
жалқау
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі