Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (21) Өлеңдер (43) Мақал-мәтелдер (196) Ұлағатты сөздер (45) Әзіл, анекдоттар (11)

Бітісі жаман қамысты, су ішінен өрт шалар,
Туысы аман жігітті, түйе үстінен ит қабар.

Ілмектер: жаман, туыс, жігіт

Ел малсыз болмас,
Жігіт жарсыз болмас.

Ілмектер: ел, жар, жігіт

Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат.

Ілмектер: намыс, ар, жар, жігіт

Ер туған жерінде, ит тойған жерінде

Ілмектер: ер, жігіт, отан

Қисық ағаш үй болмас,
Қыңыр жігіт би болмас.

Ілмектер: жігіт, қисық, қыңыр

Жақсы қыз –
Жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт –
Көктегі жұлдыз.

Ілмектер: жақсы, қыз, жігіт

Алтын белдік — бел сәні,
Асы жігіт — ел сәні.

Ілмектер: жақсы, алтын, жігіт

Аға болар жігіттің
Етек-жеңі кең келер.
Арғымақ болар құлынның
Жал, құйрығы дөңгелер.

Ілмектер: жігіт, жақсы

Жақсы жігіт,
Бір мінез ат дос сақтайды.
Жақсы әйел,
Бір ішер ас сақтайды.

Ілмектер: жақсы, жігіт, әйел

Жігіттің жақсылығын
Жұрты білер.

Ілмектер: жақсылық, жігіт, жұрт

Жігіт жақсысын —
Сұлтан дейді,
Ит жақсысын —
Сырттан дейді.

Ілмектер: жігіт, жақсы

Нар мінезді жігітке
Нарға мінсе, жарасар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, мінез, жігіт

Нар маяның жүні — жібек,
Сүті — бал,
Нар жігіттің аймағы ел,
Алды мал.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жігіт, ел

Азынаған айғырдың үйірін көр,
Менменсінген жігіттің үйін көр.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жігіт

Жігіттің жігіті —
Түсінде жылқы көреді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жігіт

Алысқа шабар жүйрік бол,
Намысқа шабар жігіт бол.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жігіт, намыс

Аталы айғыр үйірін
Жауға алдырмас.
Ата көрген жігіт
Ауылын дауға алдырмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ата, жігіт

Жігіттің іскерлігі ісінен мәлім.
Жылқы жасы тісінен мәлім.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, іскер, жігіт

Соры бар жігітке,
Сортаң жер кез болар,
Айналасы ойпаң жер кез болар.

Ілмектер: егіншілік, жігіт

Су жетпейін демейді,
Жар жеткізбейді.
Ер жігіт жетпейін демейді,
Мал жеткізбейді.

Ілмектер: су, жігіт

Пікірлер