Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (13) Жоспарлар (3) Мақал-мәтелдер (43) Ұлағатты сөздер (5)

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

Ілмектер: қонақ, қой

Қойшы көп болса, қой арам өлер.

Ілмектер: қой, қойшы

Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

Ілмектер: қой

Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау.

Ілмектер: қой, қорқақтық

Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір

Ілмектер: төрт түлік мал, қой

Қой семізі — қойшыдан.

Ілмектер: қой, қойшы, жан-жануар, төрт түлік мал

Семіз қой қыстан майын жеп шығады,
Арық қой жанын жеп шығады.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, қой

Қайығына қарай ескегі,
Қойына қарай кескегі.

Ілмектер: қой, қайық

Қойдың басы —
Құданың асы.

Ілмектер: қой, төрт түлік мал, құда, туыс

Жауды санап соғыспайды,
Қойды санап тоғытпайды.

Ілмектер: жау, қой

Қойдың сүті – қорғасын,
Қойды ұрған оңбасын.

Ілмектер: қой, қорғасын, төрт түлік мал

Аңқау бөрі қой үркітеді,
Ақылсыз адам ел үркітеді.

Ілмектер: аңқау, адам, бөрі, қой

Мал жуасы — қой,
Аң жуасы — қоян.

Ілмектер: аң, қоян, қой, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Қой тілегі - амандық,
Бөрі тілегі - жамандық.

Ілмектер: қой, бөрі, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Тоқты күз болмай,
Қойға қосылмайды.

Ілмектер: күз, қой, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Күн батса қойға соқпақ табылады.

Ілмектер: күн, қой, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Қойдың іші - береке,
Жылқының іші — мереке.

Ілмектер: қой, жылқы, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Қойын алдырып, қорасын бекіткен бекер.

Ілмектер: қой, қора, бекер

Қой сүті - қорғасын.

Ілмектер: қой, сүт, қорғасын

Жасты жасақта көр,
Құнан қойды қосақта көр.

Ілмектер: жасақ, қой, ерлік

Пікірлер