Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (37) Өлеңдер (60) Мақал-мәтелдер (110) Ұлағатты сөздер (20)

Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.

Ілмектер: құс

Құс баласы қырымға қарайды.
Қаршыға ілген қазға сын.

Ілмектер: құс, қазақ мақалы

Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.

Ілмектер: құс

Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.

Ілмектер: құс

Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.

Ілмектер: құс

Ит тамағы үшін жүгіреді.
Құс тамағы үшін ұшады.

Ілмектер: құс, жануар

Құс тамағы үшін қолға түседі,
Балапаны үшін торға түседі.

Ілмектер: құс, балапан

Құс патшасы — бүркіт,
Аң патшасы — арыстан.

Ілмектер: аң, құс

Бөдененің үйі жоқ,
Қайда барса бытпылдақ.

Ілмектер: құс, бөдене

Екі тұйғын жабылса қаздың соры.

Ілмектер: құстар, құс

Атқанның құсын,
Жатқан байланар.

Ілмектер: құс

Ителгінің қызығына қызсаң,
Қаршығаңды қамшы етерсің.

Ілмектер: құс

Сақ қарға сағағынан ілінер.

Ілмектер: құс

Құстың алғанынан,
Салғаны қызық.

Ілмектер: құс

Құс – қанаттасымен қатар ұшады.

Ілмектер: құс

Торғай
Жаңбыр жауса,
Баласын қорғайды;
Бұршақ жауса,
Басын қорғайды.

Ілмектер: құс, бала, жаңбыр

Жас бала құстың көлеңкесіне де тоңады.

Ілмектер: жас, бала, құс

Қарға қаңқылдаса,
Қысты шақырады.
Қаз қаңқылдаса,
Жазды шақырады

Ілмектер: жыл мезгілдері, құс

Көкте тырна қиқуласа,
Көлдегі қаз қанатын қағар.

Ілмектер: құс

Құс жеткен жеріне қонар,
Қонақ қалаған үйіне қонар.

Ілмектер: құс, қонақ, үй

Пікірлер