Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (19) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (297) Ұлағатты сөздер (94)

Жаны жақсы ағаның
Етегін баспа, жолын қу.
Болайын деген баланың
Бетін қақпа, белін бу.

Ілмектер: жақсы, аға.бала

Бауырласың болмаса, жолдас ізде,
Жақсы жолдас — бауырлас.

Ілмектер: бауыр, жол, жақсы, жолдас

Жақсы сөз — жан азығы.
Жақсы еңбек — ырыс қазығы.

Ілмектер: жақсы, еңбек, ырыс

Жақсыда жаттық жоқ,
Жаманда жақындық жоқ.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсыменен сөйлессең —
Жаның рахаттанады.
Жаманменен сөйлессең —
Қойыңа қасқыр шабады.

Ілмектер: жақсы, жаман, тіл

Жаман туыстан
Жақсы таныс артық.

Ілмектер: туыс, аныс, туған, жаман, жақсы

Жақсыны көрсең —
Көңілің ашылады,
Жаманды көрсең —
Көңілің басылады.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа.

Ілмектер: жақсы, жаман, ұят, мұрат

Жақсы қыз –
Жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт –
Көктегі жұлдыз.

Ілмектер: жақсы, қыз, жігіт

Жақсы қонақ - құт, береке.

Ілмектер: құт, қонақ, береке, жақсы

Жақсы сөз — жарым ырыс.

Ілмектер: жақсы, сөз, ырыс, тіл

Жаманға жақсылық қылсаң атыңды ерттеп қой.

Ілмектер: жаман, жақсы, ат