Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (11) Өлеңдер (75) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (45) Ұлағатты сөздер (13)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Тау" туралы Мақал-мәтелдер

"Тау" туралы мақал-мәтелдер жинағы.

Тау толғатып,
Тышқан туды.

Ілмектер: тау, тышқан, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Тауды да көрмейді,
Тауықты да көрмейді.

Ілмектер: тау, тауық, көрмеу, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Сабаннан тау жасау.

Ілмектер: сабан, тау, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Ұрыға тауда да орын жоқ.

Ілмектер: ұры, тау, орын, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Тау тақтайға ұқсамас.

Ілмектер: тау, тақтай, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Өз айыбын – буға,
Өзгенікін тауға теңейді.

Ілмектер: айып, тау, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Тау таумен қауышпайды,
Адам адаммен қауышады.

Ілмектер: тау, адам, қауышу
WhatsApp Telegram

Тау теріскейінен қары азаймас,
Қоңыр қойдың қоңы азаймас.

Ілмектер: тау, қар, қой
WhatsApp Telegram

Тауды арқанмен жығуға болмайды,
Теңізді қайықпен жабуға болмайды.

Ілмектер: тау, теңіз
WhatsApp Telegram

Жаудың түбі – ел болар,
Таудың түбі – бел болар.

Ілмектер: жау, тау, ел, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Басыңа тау құласа да,
Шыбын шаққандай шіміркпе.

Ілмектер: бас, тау, шыбын, құлау, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Аттың көркі
Құйрық-жалы, құлағы.
Таудың көркі
Тасы менен бұлағы.

Ілмектер: ат, тау, тас, бұлақ, төрт түлік мал
WhatsApp Telegram

Тауды, тасты су бұзады,
Адамзатты сөз бұзады.

Ілмектер: тау, тас, су, сөз, бұзу
WhatsApp Telegram

Ашу жұты — тау жұты.

Ілмектер: ашу, жұт, тау
WhatsApp Telegram

Әкімнің мойны қылшадай, басы таудай.

Ілмектер: әкім, тау, бас
WhatsApp Telegram

Әркім шыққан тау биік болсын дер.

Ілмектер: тау, биік
WhatsApp Telegram

Би баласы биге ұқсар,
Биік-биік тауға ұқсар.
Хан баласы ханға ұқсар,
Қанатын жайған қазға ұқсар.
Бай баласы байға ұқсар,
Байланбаған тайға ұқсар.

Ілмектер: би, бала, тау, хан, әке, бай
WhatsApp Telegram

Бие бауға, түйе тауға.

Ілмектер: төрт түлік мал, төрт түлік, мал, бие, тау, түйе, бау
WhatsApp Telegram

Тау мен тасты су бұзады,
Азаматты сөз бұзады.

Ілмектер: тау, тас, су, сөз, азамат
WhatsApp Telegram

Көлдің көркі —
Құрақ.
Таудың көркі —
Бұлақ.

Ілмектер: көл, тау, көрік
WhatsApp Telegram