Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (23) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (233) Ұлағатты сөздер (7)

Жер асыңнан
Жемес асың көп болсын.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Көмбенің иесі екеу:
Бірі — көрген,
Бірі — көмген.

Ілмектер: ас, тамақ, тағам

Асты иә қуыс ішер,
Иә туыс ішер.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Қарны ашқан
Қараша үйге қабады.

Ілмектер: ас, тамақ, тағам

Түскі асқа
Түстік жерден қонақ келеді.
Кешкі асқа
Күндік жерден қонақ келеді.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Бір ауылда бір үй аш болса,
Бар үй аш болады.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Аты бардың тынысы бар.
Асы бардың ырысы бар.

Ілмектер: ас, ырыс, тағам, тамақ

Беретін кісі келгенде,
Бес қайнайды қазаным;
Бермейтін кісі келгенде,
Көп қайнайды қазаным.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Аспаздың қарыны
Асқанына тояды.

Ілмектер: ас, тамақ, тағам

Тоқшылықта жеген
Тоқпан жілік,
Ашаршылықта
Көзіңнен бір-бір ұшады.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Жаяудың сыбағасын
Атты жемес.

Ілмектер: ас, тамақ, тағам

Ас — аз, ниет — көп
Отын — олжа,
Су — қорлық.

Ілмектер: ас, тамақ, тағам

Өзі тоймағанның,
Сарқытын жеме.

Ілмектер: сарқыт, ас, тағам, тамақ

Досыңның асын,
Қасыңдай іш.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Өзің жатық болсаң,
Ішкенің қатық болар;
Өзің қиық болсаң,
Ішкенің сұйық болар.

Ілмектер: ас, тамақ, тағам

Етке тойсам,
Сорпаға иттігім жоқ.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Жұтқан — жұтамас.

Ілмектер: ас, тамақ, тағам

Тойсаң — тоба ғыл.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Піскен асқа — тік қасық.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Бір аштықтың, бір тоқтығы бар.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Пікірлер