Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (21) Өлеңдер (43) Мақал-мәтелдер (196) Ұлағатты сөздер (45) Әзіл, анекдоттар (11)

Қаланған кірпіш кәдеге асқаны,
Қағылған шеге — орнын тапқаны,
Жігіттің халыққа жаққаны
Шырақ жаққаны.

Ілмектер: жігіт, халық

Ел болатын жігіттер,
Ел намысын жыртады,
Ел болмайтын жігіттер,
Елін ұрлап құртады.

Ілмектер: ел, халық, жігіт

Ел болатын жігіттер,
Озып жүлде алады.
Ел болмайтын жігіттер,
Бірін бірі шалады.

Ілмектер: ел, жігіт

Еті тірі жігіт:
Елінің намысын қорғайды,
Тоғайының қамысын қорғайды.

Ілмектер: жігіт, ел

Жібек мінезді жігіт
Жұртқа жағады.
Жылан мінезді жігіт
Жұртта қалады.

Ілмектер: жұрт, жігіт

Жігіттің үш жұрты бар:
Бірінші — өз жұрты,
Екінші — нағашы жұрты,
Үшінші — қайын жұрты.

Ілмектер: жігіт, жұрт

Қисық арба жол бұзар,
Қыңыр жігіт ел бұзар.

Ілмектер: жігіт, ел

Жемісті ағаш,
Жерге иіліп тәжім етеді.
Жетелі жігіт,
Елге иіліп тәжім етеді.

Ілмектер: жігіт, ел

Өзім білем деген жігіттің
Басына ойран салғаны;
Көп біледі деген жігіттің
Басына қорған салғаны.

Ілмектер: жігіт

Жігіттің бір басы екеу болмай,
Жиғаны жетеу болмайды.

Ілмектер: жігіт

Жарамды жігіт
Жұртына олжа салар.
Жарамсыз жігіт
Жұртына қауға салар.

Ілмектер: жігіт, жұрт

Тобылғы қатты деп,
Қамшыға сап қылады.
Көреген жігітті әккі деп
Қосынға бас қылады.

Ілмектер: жігіт

Есебін тапқан жігітке
Ердің құны сөз емес.

Ілмектер: жігіт

Жігіт жолдасынан белгілі,
Сарбаз қол басында белгілі.

Ілмектер: жігіт, сарбаз

Ер жігіт — бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.

Ілмектер: ер, жігіт

Пышақ болмас жетесіз,
Ешкі болмас текесіз.
Өзі болған жігіттің
Тегін сұрап не етесіз?!

Ілмектер: жігіт

Ерді жаяулық емес
Қаяулық аздырады.

Ілмектер: ер, жігіт

Жаман жігіт
Жолдасын жауға алғызар,
Өзін ұятқа қалғызар.

Ілмектер: жігіт

Ердің атағы туырлықтай
Өзі буылдырықтай.

Ілмектер: ер, жігіт

Жігіт жанған шоқ болсын,
Шоқ болмаса, жоқ болсын.

Ілмектер: жігіт

Пікірлер