Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (19) Өлеңдер (61) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (191) Ұлағатты сөздер (49)

Кісі менен кісінің арасы жер мен көктей.

Ілмектер: жер, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Тегіс жерде кебіс мүдірмейді.

Ілмектер: кебіс, жер, Араб мақал-мәтелдері

Істік те бар, жер де бар,
Тауық бірақ сенде бар.

Ілмектер: жер, тауық

Ат баспан деген жерін үш басады.

Ілмектер: ат, жер

Жер қадірін ел біледі,
Ел қадірін ер біледі.

Ілмектер: жер, ер, ел, қадір

Жер - анасы,
Мал - баласы.

Ілмектер: жер, ана, бала

Мал баққандікі, жер жыртқандікі.

Ілмектер: мал, жер

Жер тойынбай, ел тойынбайды.

Ілмектер: жер, ел

Татар тұрған жерде қатер тұрады.

Ілмектер: татар, жер, қатер

Жерден тапсаң санап ал.

Ілмектер: жер

Жақсы адамның кегі бар, киген жаулық кепкенше,
Жаман адамның кегі бар, басы жерге тигенше.

Ілмектер: жақсы, жаман, адам, кек, жер

Көрмеген жердің ой-шұқыры көп.

Ілмектер: жер, ой, шұқыр

Қатын ерге қарайды, ер жерге қарайды.

Ілмектер: қатын, ер, жер

Келісті келбет ерде бар,
Қымбатты қазына жерде бар.

Ілмектер: келбет, еңбек, жер, қазына

Батыр мың қол бастайды.
Шешен тар жерде сөз бастайды.

Ілмектер: батыр, ер, ерлік, шешен, жер

Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.

Ілмектер: ағаш, жер, табиғат, жапырақ

Ер көрмейін деген жерін,
Үш көреді,
Ат баспаймын деген жерін,
Үш басады.

Ілмектер: үш, ер, жер, ат

Ел сүйгендей досың болсын,
Жер сүйгендей қосың болсын.

Ілмектер: ел, жер, сүю

Жерден жердің несі кем? -
Егін шықса, гүл өссе.
Ерден ердің несі кем
Уәдесін үде етсе.

Ілмектер: жер, егін, ер, уәде

Екі батыр елде жатыр,
Жеке батыр - жерде жатыр.

Ілмектер: батыр, жер, ел

Пікірлер