Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (26) Мақал-мәтелдер (148) Ұлағатты сөздер (72)

Жау сырын жау білер.

Ілмектер: жау, сыр, қырғыз мақалы

Жау қашқанда батыр көбейеді.

Ілмектер: жау, батыр, қырғыз мақалы

Жау аяған – жаралы,
Жары болар – қаралы.

Ілмектер: жау, қырғыз мақалы

Жаман талқанның қызуымен-ақ жауға аттанады.

Ілмектер: жау, жаман, талқан, қырғыз мақалы

Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.

Ілмектер: жолдас, жау

Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз.

Ілмектер: батыр, жау

Жау кеткен соң қылышыңды көңге шап.

Ілмектер: жау, қылыш, қырғыз мақалы

От пен су — тілсіз жау.

Ілмектер: жау, от, су

Жауға жалынба, досқа тарылма.

Ілмектер: жау, дос

Жалғыз батыр жауға жоқ, жалғыз жігіт дауға жоқ.

Ілмектер: жалғыздық, батыр, жау, дау

Аз деп жауды аяма.

Ілмектер: жау, аз, аяушылық

«Аз екен» деп жауыңа мұрсат берме.

Ілмектер: жау, аз, мұрсат

Алып жауда көрінер,
Байсалды дауда көрінер.

Ілмектер: алып, жау, дау, байсалды

Арпасыз ат қыр аспас,
Жәрдемсіз алып жау жеңбес.

Ілмектер: арпа, жау, жеңу, қыр, асу

Ат, атаның сай болса,
Қашсаң, жаудан кетерсің.
Кетпен, шотың сай болса,
Қазсаң, суға жетерсің.

Ілмектер: кетпен, су, жау, шот

Атаның малын жау шапса, бірге шап.

Ілмектер: ата, мал, жау

Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз,
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.

Ілмектер: теке, қар, батыр, жігіт, жау, шешен, дау

Басыңа іс түссе, билігің зая,
Үстіңнен жау түссе, ерлігің зая.

Ілмектер: іс, бас, билік, зая, жау, ерлік

Батыр жауда көрінеді,
Данышпан дауда көрінеді.

Ілмектер: батыр, данышпан, дау, жау

Бүгін атар оғың болса,
Ертең жауың оқ ата алмайтындай қыл.

Ілмектер: оқ, бүгін, ертең, жау

Пікірлер