Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (24) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (3)

Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.

Ілмектер: бала, бесік, ана

Бесіктен түскен бөпеге
Есікке дейін ен дүние.

Ілмектер: бесік, бөпе

Жаман деп бесікке күлме,
Тар деп бар есікке күлме.
Бесік — ұшар ұяң,
Есік — алтын шыған.

Ілмектер: жаман, бесік

Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді.

Ілмектер: бесік

Ер бесіктен танылады.

Ілмектер: ер, бесік

Ауылым - алтын бесігім.

Ілмектер: ауыл, бесік, туған жер, ел

Бесіктегі баланың бек боларын кім білер?

Ілмектер: бесік, бала, қырғыз мақалы

Төріңде бесік тұрса, төре де бас иеді.

Ілмектер: бесік

Есік арқалағаннан, бесік арқалаған артық.

Ілмектер: бесік, есік

Бесік баласы
Бес түлейді.

Ілмектер: бала, бесік

Өз елің - алтын бесік.

Ілмектер: ел, халық, туған жер, алтын, бесік

Пікірлер