Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (14) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (2)

Істік те бар, жер де бар,
Тауық бірақ сенде бар.

Ілмектер: жер, тауық

Мезгілсіз шақырған тауықтың, басын жұлмақ керек.

Ілмектер: мезгіл, тауық

Соқыр тауыққа бәрі бидай.

Ілмектер: соқыр, тауық, бидай

Көршілестің тауығы біреуге қаз боп көрінеді.

Ілмектер: көрші, тауық, қаз

Жұмыртқаны жегенің
Тауықты құрттым дегенің.

Ілмектер: жұмыртқа, тауық, араб мақалы

Тауық шақырғанға таң атпайды.

Ілмектер: тауық, таң, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Тауықтың жауы – қауырсыны.

Ілмектер: тауық, қауырсын, жау, парсы мақалы

Тауды да көрмейді,
Тауықты да көрмейді.

Ілмектер: тау, тауық, көрмеу, парсы мақалы

Тауықты таңбалауға ине де жарайды.

Ілмектер: тауық, таңба, ине, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Қырғауылды торуылдасаң да,
Үйіңдегі тауығыңды ұмытпа.

Ілмектер: тауық, қырғауыл

Жеке тауыққа да жем керек.

Ілмектер: жем, тауық, қырғыз мақалы

Біреудің тауығын жесең –
Қаз байла.
Малын жесең –
Қыз сайла.

Ілмектер: тауық, қаз, қыз

Тауық құсқа ұшу жоқ.
Там үйлерге көшу жоқ.

Ілмектер: үй, тауық, құс

Тауықтың түсіне тары кіреді.

Ілмектер: тауық, тары

Пікірлер