Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (39) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (3) Әзіл, анекдоттар (3)

Молдамен жолдас болсаң, намазың қаза болмас.
Ұрымен жолдас болсаң, қазаның таза болмас

Ілмектер: ұры, молда

Түйе ұрлаған да,
Түйме ұрлаған да —ұры.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ұры

Ұры болмаса — бөрінікі.
Иесіз мал — ұрынікі.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ұры

Әңгіме жолдан қалдырар,
Жолсыздық ұрыға алдырар.

Ілмектер: жол, ұры

Ұрының арты қуыс.

Ілмектер: ұры

Ұры байымайды,
Сараң семірмейді.

Ілмектер: ұры, сараң

Ұры ұрлығын қойса да,
Ұры аты қалмайды.

Ілмектер: ұры

Адам тілінен жазады,
Ұры ізінен жазады.

Ілмектер: адам, ұры

Ұры азығы мен бөрі азығы.

Ілмектер: азық, ұры

Ұрының қатыны өзіне лайық.

Ілмектер: ұры, қатын

Бөлінгенді бөрі алар,
Ұзағанды ұры алар.

Ілмектер: ұры, бірлік

Ұры бір түнде — бай,
Бір күнде — кедей.

Ілмектер: ұры, бай, кедей

Ұры — көптің жиені.

Ілмектер: ұры

Аты шулы ұры аштан өлер.

Ілмектер: ұры

Ұрыны ұры ұрмай-соқпай ұстайды,

Ілмектер: ұры

Барымташының басы бодаудан,
Ұрының басы төлеуден шықпайды.

Ілмектер: ұры

Қасқыр мен ұры мінездес:
Екеуі де түнді аңдиды.
Бұлбұл мен гүл мінездес:
Екеуі де күнді аңдиды.

Ілмектер: ұры, мінез

Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр асқанша.

Ілмектер: ұры, бөрі, қасқыр

Ұры — қарының серігі.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры, қары

Ұрыға мал құтаймас.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры, мал