Өлең, жыр, ақындар

admin

  • Ұпайы: 8717
  • Тіркелген уақыты: 17.05.2023 22:04
  • Соңғы кірген уақыты: 12.03.2025 17:37
  • Аты-жөні:
  • Жынысы:
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер

Дүниені сенім нұрландырады, ал адалдық соған жақындастыра түседі.

Ілмектер: дүние, сенім, адалдық Пьер Тейяр де Шарден

Өз көзқарасына құл болған адамның ғана жаны жай табады.

Ілмектер: көзқарас, құл Пьер Тейяр де Шарден

Эротизм дегеніміз — өлімнің өзі жеңе алмайтын өміршеңдік.

Ілмектер: өлім Жорж Батай

Экстаздың өзі — мүлдем бос əурешілік.

Ілмектер: Экстаз, әурешілік Жорж Батай

Мүмкіндіктің бар екенін біле тұра, оны қу тірліктің кез-келген бұршақ ботқасына айырбастап жіберу деген — кешірілмейтін күнə!

Ілмектер: мүмкіндік, күнә Жорж Батай

Бір қолдың бергенін — екінші қол алады.

Ілмектер: қол, беру Жорж Батай

Мазақ етуші мазақталушыдан да гөрі мазақ болады. Құрбандық шалу үшін — құрбандық қана емес құрбандыққа мойын ұсынушы да керек.

Ілмектер: мазақ, құрбандық Жорж Батай

Адам — тұрақсыз əрі бірімен-бірі терең өріліп жататын қосылыстардың бір бөлшегі.

Ілмектер: адам Жорж Батай

Адам — сараң, сараң болуға мəжбүр, бірақ соған қарамастан ол өзіне қажеттілік ретінде топ ете түсер сол сараңдықты жек көреді.

Ілмектер: адам, сараң Жорж Батай

Адам көп кісіден тұрады, жалғыздық дегеніміз — бос қуыс, түкке тұрмастық, жалғандық!

Ілмектер: жалғыздық Жорж Батай

Адам деген — бос ой құшағында тербелу емес, адам деген — шайқас, мұң, ақылсыздық!

Ілмектер: шайқас, мұң, ақылсыздық, адам, ой Жорж Батай

Менің қолымда өз идеяларымның көзге ұрып тұрған жүйесіздігін жүйелейтін кілт бар, бірақ соны бұрауға мұрша жоқ.

Ілмектер: идея, кілт Жорж Батай

Күш жұмсау — күшің сарқылғанда керек нəрсе.

Ілмектер: күш Жорж Батай

Материалдық пайда табамын деп кісі өлтіру — əлі нағыз əрі таза жаманшылыққа жата қоймайды, егер кісі өлтіруші пайда тапқанның үстіне істегенінен лəззат алатын болса — міне, нағыз таза жаманшылық осы болады.

Ілмектер: пайда, ләззат, кісі өлтіру, жаманшылық Жорж Батай

Өмірді өнердің өтірігінен құтқарамын деу — өнбейтін іс.

Ілмектер: өмір, өнер, іс Жорж Батай

Əлдебір мақсаттан — ақымақтықпен немесе терең ойламағандықтан ғана одан гөрі тəуірлеу мақсат таппай тұрып, бас тартуға болады.

Ілмектер: мақсат, ақымақтық, бас тарту Жорж Батай

Ақыл емес, өзін-өзі тану ғана адам баласының кім болғысы келсе — сол болуына мүмкіндік береді.

Ілмектер: ақыл, өзін-өзі тану Жорж Батай

Кімде-кім қасіретпен некелескен болса, ол оған мұң да, есірік те, таңданыс та сыйлай алады.

Ілмектер: қасірет, мұң Жорж Батай

Тыныштық — сөзге жатпайтын сөз, дем — объектіге жатпайтын объект.

Ілмектер: тыныштық Жорж Батай

Тіршілік ету — хабардан (информациядан) басқа ештеңе де емес.

Ілмектер: тіршілік, хабар Жорж Батай