Өлең, жыр, ақындар

Қара дегелек немесе қара ләйлек

Қара дегелек немесе қара ләйлек — көпке таныс ақ ләйлектің көп жағынан қарама-қайшылығы болып табылады. Басы, мойны, үстіңгі жағы түгел қара түсті. Үйдің үстін ұялайтын ақ ләйлектен айырмашылығы, адамдармен көршілікті көтермейді. Ұясын қалың ормандарда немесе биік тау құздарында салады. Ұялау үшін су 10-15 км-ден қашық болмау керек. Қазақстанның барлық аймақтарында таралған, әсіресе Алтайда қара ләйлек жақсы сақталған, ал Марқакөлде көп кездесетін құс. Жекелеген жұп болып қоныстайды. Аумақты ұяларын жартастарда немесе биік ағаштарда салады. 2-5, кейде 6 ақшыл жасыл жұмыртқасын аналығы мен аталығы кезектесіп 40 күнде басып шығарады, содан кейін 2 ай асырайды. Балықтар, бақалар, кеміргіштер және жыландармен қоректенеді. Тіршілігі толық зерттелмеген. Сирек кездесетін құс Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Оқуға кеңес береміз:

Кекілік

Ақ ләйлек

Жыртқыш құстар

Құс төресі — бүркіт

Құстар қаншалықты ақылды?

Құстар әлемінің битбоксері - Лирақұйрық(Видео)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз