Кекілік — тауықтәрізділер отряды қырғауыл тұқымдасына жататын әдемі кұс. Негізгі мекені— тау-тасты жерлер. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Тянь-Шаньнің солтүстігінде Іле және Солтүстік Алатауда, Каратауда. Сауыр мен Тарбағатайда, Үстіртте және Манғыстау түбегінде кездеседі. Дене тұрқы 35 см, салмағы 370-770 г. Жабын қауырсыны біркелкі ренді, ақшыл түсті алқымы қара жолақпен көмкерілген, екі қапталында ақ және қоңыркай ренді көлденең жолақтары бар. Тұмсығы, көзінің айналасы қызыл, аяқтары қызғылт түсті болады. Аяғының бұлшық еті жақсы дамыған, сондықтан ширақ қозғалып, тіршілігінің көпшілігін жерде өткізеді. Бұта мен ағаштарға қонақтауы сирек байқалады. Кекіліктер ұялаған кезде топтасып ұшып, көбінесе "ке-ке-лек, ке-ке-лек" деп дыбыстайтын болғандықтан, құстың аталуы осыған байланысты қойылған.
Кекілік — отырықшы құс. Орман өспеген тау тастардың арасына қарапайым ұя жасайды, онда көбінесе 7-22 жұмыртқа болады. Қазақстандық орнитолог Юрий Грачев кекілік аналығының екі жерге ұя жасап, жұмыртқалайтынын дәлелдеді. Мұндай жағдайда бір ұядағы жұмыртқаны аналығы, екінші ұядағы жұмыртқаны аталығы басатыны анықталды. Осылайша кекіліктер қатал қыста шығынға ұшыраған балапандарының орнын толтырады. Кекіліктер өсімдік өскіндері және тұқымдарымен, жәндіктермен қоректенеді. Кекіліктің еті дәмді, арнайы рұқсатпен ауланады.
Оқуға кеңес береміз:
Құстар әлемінің битбоксері - Лирақұйрық(Видео)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі