Кептер — кептертәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең таралған (тек полюстік облыстарда кездеспейді). Қазақстанда 2 туысы: кептер (6 түрі) және түркептер (4 түрі) бар. Кептерлердің қолға үйретілген түрін халық арасында — көгершін деп атайды. Республиканың оңтүстік жартысында көк кептер; Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньда құз кептер; Жайық өзенінің аңғарында дыркептер, Арал теңізінен Алакөл казаншұңқырына дейінгі шөл далада коңыр кептер таралған. Сондай-ақ, республиканың таулы аймақтарындағы жалпақ жапырақты орман белдеуінің етегінде түркептер; шығыста, оңтүстік аймақтағы тауларда, орманды далада, далалық жерлерде үлкен түркептер кездеседі. Кептерлердің қанатының ұзындығы 180-250 мм, салмағы 240-350 г (дыркептер - 600 г-дай). Басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа болады. Кептерлердің көпшілігінің қауырсындары құлпырып тұратын алуан түсті келеді. Үнемі топтанып жүреді. Жұбын жазбайды.
Дыркептер, түзкептер, қоңыр кептер, түркептер, үлкен түркептер — жыл құсы, қалған түрлері — отырықшы құстар. Екі ақ жұмыртқасын мекиені мен қоразы 14-30 күн бойы кезектесіп басады, балапандарын екеулеп қоректендіреді. Ағаш басына, жартасқа, жардағы інге, қора-жайға, кейбір түрлері жерге ұялайды. Көбі жылына 2 рет, кейбіреуі 4-5 рет жұмыртқалайды. Жұмыртқаны жарып шыққан қызылшақа балапан әбден қанаттанғанша (25 тәулік бойы) ұядан ұшпайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдастарының дәнімен, шошқа жаңғақпен қоректенеді.
Оқуға кеңес береміз:
Құстар әлемінің битбоксері - Лирақұйрық(Видео)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі