Құстар қаншалықты ақылды?

Басты бет / Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер / Құстар қаншалықты ақылды?

Құстар қаншалықты ақылды? — Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер бөліміндегі материал.

Материал — құс, интелект, құстар, ақыл — осы тақырыптарға байланысты.

Құстардың ұйқы, су, тамақ, пана сияқты негізгі қажеттіліктерінен бөлек, қарымқатынас құруға, тілдесуге және ақыл қызметін ынталандыруға мұқтаж. Мұны тек үйрету мен ойындар ғана қамтамасыз ете алады.

Ғалымдардың анықтауы бойынша құстар өз мәселелерін интуитивті түрде шеше алады және балалар сияқты мысалдарға қарап үйрене алады.

Тотықұс ең ақылды құс болып саналады. Бұл құстарға заттарды, пішіндерді, түстерді, тіпті адамдарды ажыратуды үйретуге болады. Мәселен, африкалық сұр тотықұс өзінің эмоционалдық және интелекттік дамуы бойынша шамамен үш-төрт жасар балаға сәйкес келеді. Ал бұл тотықұстар дами алатын қабілеті болғандықтан, онда олардың аналитикалық қабілеттері де арта түседі.

Құстарға кейде таңқаларлық тапқырлық та тән. Еңбек құралдарын құстарда қолдана алады екен. Мысалы, кейбір жабайы құстар өтіп бара жатқан машиналар олардың қабықтарын шағуы үшін грек жаңғақтарын әдейі жолға қойғаны бақыланған.

Қолда өсірілетін авcтралиялық тотықұстар қасыну үшін жиі ағаш жаңқасын пайдаланады. Егер иелері тотыларының арқандарды, ойыншықтарды және сол сияқты заттарды пайдаланғанын көрсе, онда тотықұстың оларға ерекше қолданыс тапқанын байқайды.

Бұрын «сөйлейтін құстар» тек адамның сөзін қайталайды деп саналған. Алайда келесі ғылыми зерттеулер мұның жаңылыс екенін байқады.

Құстың жады

Қанаттылардың жады ерекше. Табиғи ортаны мекендейтін құстар мыңға жуық дәндерді бірнеше жүздеген шаршы шақырымға жасырып, кейін олардың 90%-нан артығын таба алады. Биологтардың ұйғаруы бойынша олардың миының бір бөлігі осы мақсатқа арналған. Тез үйретілетін тотықұстар адам тілін түсінеді және бөлек сөздерді айта алады.

Құстардың эмоциясы

Адамдар сияқты құстарда эмоцияларын білдіре алады. Ғалымдардың пікірі бойынша бұл үшін қажеттінің барлығы бар. Құстарда эмоцияға жауап беретін ми бөлігі – лимбикалық жүйе бар. Құстардан бөлек ол тек сүтқоректілерде ғана бар. Кез келген қанаттылардың иесі оп-оңай оның бақытты екендігін немесе қорқып тұрғанын аңғара алады. Қазіргі кезде ғалымдар құстар эмоциясын сезіне ме? және құстардың әрекетіне қалай әсер ететіндігін зерттеуде.

Құстар мен ойындар

Құстар ойындарды жақсы көреді. Алайда бұл жақсы көрудің себебі толық түсінікті емес. Мысалы, құстар ванна қабылдағанда балалар сияқты ойнап кетеді. Бұл инстинкттің әсері немесе басқа да себептер болуы мүмкін. Егер шомылумен тым болмағанда бәрі логикаға сай және заңды болып көрінсе, онда құстардың суға тастарды әдейі лақтырып, судың шалпылдағанына қарап тұратындығын түсіндіру қиын. Құстар неліктен домалайды? неліктен олар қар төбешіктерінде сырғанайды? және осы сияқты нәрселерді жасайды? Егер бұны адамдар істесе, бұл бір ауыздан жоғары интеллекттің сипаты ретінде бағаланар еді.

Құстар интелектуалды ойындарды жақсы көреді

Құсқа қызығушылардың пікірі бойынша бұл әрекеттердің көпшілігін құстар көңіл көтеру үшін жасайды. Оларға интелектуалдық қабілеттерін дамыта алатын ойыншықтар берсе, өзінің құс ретіндегі қызығушылығын қанағаттандыру үшін бірнеше сағат бойы зерттейді.

Зерттеулерде дәлелдегендей бұрынғы пікірге қарағанда құстар әлдеқайда ақылдырақ екендігін иелерінің көбі ғалымдар зерттегенге дейін байқаған.

Оқуға кеңес береміз:

Құстар әлемінің битбоксері - Лирақұйрық (Видео)

Киви құсы жайлы қызықты мәліметтер



WhatsApp Telegram

Пікірлер (3)

Айнара

Рахмет!! Құстар туралы толық мәлімет

Айзере

Құстар олар денсаулық

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құстар қаншалықты ақылды? деген не?

Бұл бетте Құстар қаншалықты ақылды? тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Құстар қаншалықты ақылды? материалы Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер бөліміндегі басқа материалдар құс тақырыбындағы материалдар интелект тақырыбындағы материалдар құстар тақырыбындағы материалдар ақыл тақырыбындағы материалдар