Өлең, жыр, ақындар

Киви құсы жайлы қызықты мәліметтер

Барлығымыз киви құсы туралы өмірімізде бір рет болсын естіген шығармыз, алайда, ұша алмайтынынан басқа ол жайлы көп нәрсе біле бермейміз. Ал сіз кивидің тілі болмайтынын білетін бе едіңіз? Сондай-ақ оның құйрығы да болмайды. Киви құсының басқа да қызықты ерекшелігі көп. Кивидің қазіргі кезде 5 түрі бар. Олар Жаңа Зеландияны мекен етеді. Дәл осы құс Жаңа Зеландияның ұлттық символы болып саналады.

Киви құсының дене құрылымының ерекшеліктері

Бұл таңғажайып құстың салмағы 1,4-тен 4 килограммға дейін жетеді. Оның салмағының 3/1-і үшкір тырнақтары бар, өте мықты да төзімді  аяқтарына тиесілі. Денесі саңырауқұлақтың иісіне ұқсас өткір, біркелкі қоңырқай шаш тәрізді қауырсынмен жабылған. Жыртқыштар осы иісі арқылы оны тез тауып алады.

Кивидің қанаттары бар ма?

Кивидің қанаттары бар, бірақ өте кішкентай. Шамамен ұзындығы 5 см болғандықтан, олар құстың денесінде тіпті байқалмайды. Сонда да басын қанатының астына жасырып ұйықтайтын әдеттері бар. Бұл көрініс әлбетте, күлкілі көрінеді, дегенмен осылай ұйықтау көп құстардың табиғатына тән. Кивилер нашар көреді, әрі көздері де өте кішкентай. Сондықтан қорегін көбінесе иіс сезу арқылы табады. Тұмсығы жіңішке, әрі ұзын. Басқа құстардан ерекшелігі танау тесіктері тұмсығының ұшында орналасқан. Ал тілдерінің орнына жіңішке әрі ұзын мұртшалары (сезімтал қылшықтар) бар.

Қорек табуы және өмір сүруі

Добыча еды и образ жизни

Источник: https://www.voprosy-kak-i-pochemu.ru/ptica-kivi-interesnye-fakty/ .

Кивилер түнгі уақытта белсенді тіршілік етеді, ұясынан шығып, қорегін іздейді. Паналайтын жері: киви өз аумағында (1 шақырым аралығында) 50-ге жуық баспана жасай алады. Ол қуыстарды, ағаштар мен бұталардың арасын, немесе өздері қазған інді паналайды. Тағы бір қызықты жәйт: олар ін қазып, бірден жайғасып алмайды, інді шөп пен мүк басқанша, бір-екі апта күтеді. Бұл айланы інін жасыру үшін жасайды. 

Күндіз сылбыр, қорқақ көрінгенмен, кешкі уақытта кивилер өз інінен асқан сенімділікпен, өз аумағы мен ұрғашысын басқалардан қорғай алатындай жігермен шығады.  

Бұл құстар ағаштардан түскен жеміс-жидектермен, жәндіктермен, шаяндармен (циклоптар, дафнийлер), тіпті кішкентай бақалармен  қоректенеді. Өз қорегін кивилер тұмсықтарының көмегімен іздейді. Олжасын «локатор-шаңсорғыш» тәрізді тұмсықтарымен түскен жапырақтар мен шөптің арасынан иіскеу арқылы табады. Қысқа да болса өте мықты аяқтарымен қорек іздегенде жапырақтарды, топырақты  қазады. 

Киви құстары ұзақ уақытқа жұптасады, немесе өмір бойы жұптарын сақтайды. Тұқымын жалғастыру үшін «махаббат» ойындары маусым айынан басталып, наурыз айына дейін жалғасын табады. Ұрғашы киви өте үлкен жұмыртқа салады (екі жұмыртқа салуы сирек кездеседі).   Жұмыртқасы құстың өз салмағының 1/4–іне пара пар келеді. Бұл тұрғыда кивиге теңесе алатын құс жоқ шығар, сірә.  Жұмыртқасын 75-85 күн бойы қораздары басады. Балапан жұмыртқаны жарып шыққанда әкесі мен анасы оны өз бетінше қалдырады. Бұл үшін балапанның 2-3 күнге жететін тері асты майының қоры, толыққанды қанатшалары және өмірге деген құштарлығы болады. Кішкентай кивидің өсуі үшін 3-5 жыл керек. Ал кивилер шамамен 50-60 жыл өмір сүреді. Өкінішке орай, бұл құстардың 90%-ы өмірінің алғашқы 6-7 айында өледі. 

Кивилердің бүгінгі жағдайы

Еуропалықтардың Жаңа Зеландия аралдарына өздерімен бірге түрлі жануарларды алып келуімен (ит, мысық т.б), сондай-ақ орман алқаптарының азаюы мен кивитәрізділерді қауырсындары үшін аулау салдарынан ХХ ғасырдың соңына дейін кивилердің саны күрт азайды.  Бүгінгі күні кивидің популяциясы қайта толығуда. Жаңа Зеландия мемлекеті барлық 5 түрін қорғау және қалпына келтіру үшін қыруар еңбек жұмсады. 1991 жылдан бері қатаң қорғауға алынған. Кивидің үш түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына тіркелген. Енді олардың өміршеңдігі 50%-ға ұзарды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Айсуле

Ерекше құс екен! Басқа құрлықта не үшін жоқ? Әлде ауа райы қолайсыз ба

Айгерім

қызықты мәлімет

Мекежан

Бұл керемет құс екен мен киви құсы дегенді біріншірет естіп тұрмын.

Asem

It's a beautiful bird, and interesting

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз