Өлең, жыр, ақындар

Ана тілім - қазақ тілі

"Ана тілің - арың бұл, ұятың боп тұр бетте," - деп ағиық ақындарымыз жырлап кетіп еді. Бірақ қазіргі таңда ана тіліміз қаншалықты ұятымыз боп тұр?! 

Қазіргі жастар, өскелең ұрпақ, жеткіншектердің, әсіресе қаладағы тұратындар өз ана тілдерінде сөйлеуді қойды десек те болады. Қазақ тілінің жанашыры ретінде осындай жағдайды әр күні көре жүріп, тіліміздің болашағына алаңдамай тұра алмадым. Өз туған тіліңді білмеу, онымен сөйлемеу, оны құрметтемеу не деген бақытсыздық еді?!

Өз тілінде сөйлеуге ең бірінші себеп болатын әрине ата-ана, отбасы. Балаға тәрбие бере отырып, өмір сүрудің барлық қажеттіліктерін үйрете отырып неге ана тілінде сөйлеуді қадағалауды алдыңғы орынға қоймасқа?! Тілдің Отаннан кейінгі әр бір ұлттың,  әр бір адамның өзімен бірге туып, бірге кететін, он екі мүшесінен де маңызды екенін ұғындыру, бойына сіңіру әр бір ата-ананың маңызды міндеті екенін әр біріміз сөзсіз ұғынуымыз керек. Бала ата-ананың айнасы, көлеңкесі, жалғасы. Ата-анасының бойынан көргенін қайталайтын, соны дұрыс деп санайтын балаға ата-ананың өз тілінде сөйлеуі де ең алдыңғы тәрбие. 

Бірнеше тіл білу - біздің заманымыздың талабы болып тұрғаны рас. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Дегенмен "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" дегенді неге еске сақтамаймыз?

Мадина Куандыкова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз