Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси, әдеби "Айқап" журналында Ахмет Баржақсын аударған «Ілияс» мақаласын бүгінгі көзқараспен сыни тұрғыда талдау

Қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси, әдеби "Айқап" журналында Ахмет Баржақсын аударған «Ілияс» мақаласын бүгінгі көзқараспен сыни тұрғыда талдау. Бұл мақаланың басты идеясы, ерте замандағы бақыттың құнын айшықтау. “Бақыт байлықтан ғана тұрмайды” – деп байырғы қазақ қоғамында қалыптасқан қате көзқарасты жоққа шығарды.

Оқиға Уфа губерниясында башқұрт Ілияс деген кейіпкердің әкесінен қалған байлығын көбейту мақсатындағы әрекетінен бастау алады. Ілияс отбасын құрған жылы әкесі өмірден озған еді. Әкесі Ілиясқа жиып-терген байлығын мұра ретінде аманнаттайды. Ауылдағы ең бай адам осы Ілияс болды. Халық арасында беделі артты. Уақыт өте келе дүниеге екі ұлы, бір қызы келеді . Айналмалы уақыттың тым жылдамдығы ұл-қызының қалай өсіп кеткенін байқатпай кетеді. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырады. Алайда ұл қыздары әкесінің еңбегін бағаламай есіреді. Сөйтіп жүріп үлкен ұлымен кенже қызы мерт болады. Ұл қызы кеткеннен кейін шаруашылығы да күйрей бастады. Не керек солай шама-шарқы шегіне жетіп, барлық байлығы мен дәулетінен айырылады. Қартайған шағында жанында бала шағасы жоқ, байлығыда қалмайды. Сөйтіп әйелі екеуі, көрші Мұхаммедшахтың үйінде қызмет етіп тұрады. Сол үйдің  малын қарап, әйелі бие сауады. Күндердің бір күні, Мұхаммедшахтың үйіне қонақтар келеді. Қызмет етіп жүрген Ілиясті көріп, қонақтар Мұхаммедшахтан оның жөнін сұрайды. Қонақтардың алдына өзін шақырып, уақиғасын айтқызады. Өзі де, кемпіріде келіп жайларын айтады. Сол мезетте олар бақыт, байлықтан біршама саты жоғары тұратынын, жәнеде байлықтың қамын жейміз деп, ішкі жан дүниемізбен руханиятымызға уақыт бөле алмай қалдық деп ішкі өксігімен өкінішін айтады.

Уфа губерниясынан бастау алған бұл мақала, бақыттың тек байлықпен ғана шектелмейтінін айқын дәлел ретінде халыққа астарлап жеткізеді . Мал-мүлік уақытша екенін Ілияс атты басты кейіпкермен дәлелдейді .

Қортындылай келе, Ахмет Баржақсын аударған «Ілияс» мақаласы халыққа берер пайдасы көп. Қазіргі қоғамда бақытты байлықпен теңеп, соқпаққа ұшыраған жандарға  бұл мақала таптырмас құрал ретінде беретін ақыл десекте артық айтпаспыз.

Меделкан Ильяс ҚазҰУ-дың 1 -курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Фил.ғ., доцент Р.С. Жақсылықбаева


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз