Өлең, жыр, ақындар

Алматы зоопаркінде 4-сынып. қазақ тілі орыс сыныбында

Сынып: 4 Б

Сабақтың тақырыбы:  Алматы зоопркінде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Хайуанаттар бағы туралы мәлімет беру арқылы оқушылардың аңдар жөніндегі білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік. Табиғатты сүюге, жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Дамытушылық. Оқушылардың сөздік қорын, өз ойларын жүйелі жеткізе білу қабілетін дамыту.

Көрнекті құралдар: презентация, видео, үлестірмелі қағаздар.

Пән аралық байланыс: дүниетану

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: компьютермен жұмыс, интерактивтік тақта, диалог, ой қозғау.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;
  • Оқушыларды түгендеу;

Психологиялық дайындық.

  • Бүгін кім кезекші?
  • Бүгін нешесі?
  • Бүгін сабаққа деген көңіл – күйлерің қандай? (смайлик көрсету)
  • Сабаққа дайынбыз ба?

II. Негізгі бөлім: Сабақтың мақсатын және тақырыбын таныстыру.

III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Слайд №1

Слово "зоопарк" сокращенное. Полностью будет так:"зоологический парк". То есть парк, где содержат животных. Каждый год в зоопарках бывают миллионы людей, среди которых очень много ребят. Для того и нужны зоопарки, чтобы знакомить всех желающих с животными. Итак, что же такое зоопарк? Это "живой музей" для всех любителей природы. Это "живая лаборатория" для ученых. Это убежище для редких животных.

Слайд №2

1-тапсырма. Мәтінді тыңда.

  Қазақстанда 3 хайуанаттар бағы бар. Алматы зообағы 1937 жылы 7-қарашада құрылған. Қарағанды зообағы 1938 ж. құрылған. Шымкент зообағы 1980 жылы құрылған.  Алғашқа аңдар мен жануарлар Мәскеу және Санк – Петербург қалаларының зоопарктерінен әкелген. Зоопракте 150 құс түрі, балықтың 80 түрі, аңдар мен жануралардың 95 түрі бар. Зоопаркте жолбарыс, кенгуру, қабылан, керік, ақ аю, шипанзе, үнді пілі бар

Слайд №3

IV. Сөздік жұмысы:

ашылған – открыт (-а, -о)

жануар – животное (-ые)

аң – зверь

ең – самый (-ая, -ое, -ые)

хайуанаттар бағы - зоопарк 

қабылан - патера  

V.  Тақтамен жұмыс.

Үш оқушыны тақтаға шығарып сөздерді септету.

Жолбарыс, маймыл, түлкі

Фонетикалық талдау жасату.

Алматы, аңдар.

VI. Мәтінмен жұмыс. 2- тапсырма. Диалогті оқыту.

- Антон халің қалай?

- Халім жақсы.

- Сен зоопаркке бардың ба?

- Ия, бардым.

- Қандай аңдар мен жануарларды көрдің?

- Мен піл, аю, жолбарыс, маймыл, тасбақа, түлкі, т.б. көрдім. Саған қандай аңдар мен жануарлар ұнайды?

- Маған піл, тасбақа, жолбарыс ұнайды.

- Сау бол!

- Сау бол!

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.

№1

Жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың астын сыз.

Жаяу, дәптер, әдемі, сәбіз, мектеп, оқушы, бөлме, қала.

№2

Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Ақын, қазақ, ғалым, қала, ұщқыш, дүкен, бүгін.

№3

-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер көптік жалғауын жалға.

Бала... , оқушы... , кітап... , бөлме... , мектеп... .

Слайд №4

3 – тапсырма. Оқы, қызық.

   Әлемде көптеген жануарлар бар. Ең үлкен жануар – көк кит. Жер бетіндегі ең ірі жануар – піл. Зіл – пілден кейінгі ең алып жануар. Оның салмағы – 3,5 тонна, күндік азығы – 70 кг. Әлемдегі ең биік жануар – керік. Ең жүйрік аң – гепард. Әлемдегі ең үлкен құс – африкалық түйеқұс. Ал, құстардың ішіндегі ең кішкентайы – колибри. Оның салмағы – 1,5 грамм.

Слайд №5

4-тапсырма. Сөз тіркесін аяқтап жаз.

Ең үлкен .... .

Ең биік .... .

Ең жүйрік .... .

Ең алып ..... .

Ең кішкентай .... .

VI. Сабақты қорытындылау:

Слайд №6

Алматы зоопаркі қашан ашылды?

Зопаркте қандай жануарлар бар?

5 – тапсырма. Мәтін бойынша сұраққа жауап бер.

Ең ірі жануар не?

Ең ауыр салмақты жануар қайсы?

Ең биік қай жануар?

Ең жүйрік қандай аң?

Ең үлкен қандай құс?

Ең кішкентай қандай құс?

VII. Үйге тапсырма беру,бағалау. 153 - бет. 5,6-тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз