Өлең, жыр, ақындар

Мұхтар Әуезов "Біржан сал Абай ауылында"

№43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта мектебі

Әбдіқайымова Мадина Ләтішқызы

19.12.2015 ж.

Пәні: Қазақ әдебиеті            

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов "Біржан сал Абай ауылында"

Сабақтың мақсаты:

1) Абай мен Біржанды жақындастырған өнер құдіреті екендігін оқушыларға ұғындыру.

2) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Өз бетінше ой топтауға, сөз саптауға, пікірін қорғай білуге баулу.

3) Өнер құдіретін түсіне білуге, өнерді сүюге, өнер иелеріне құрметпен қарауға  әрбиелеу.

Сабақтың түрі: іскерлік дағды қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: "Жалғастыру" әдісі, "Ойлан, жұптас, ой  бөліс" әдісі, РАФТ әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, Біржан, Абай, Мұхтар суреттері, шығармалары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа қатысуын, сынып тазалығын тексеру

ІІ. Поэзия минуты (3 мин)

         Қымбатты балалар! Біз қазақтың ұлы ақыны Абай туралы М.Әуезовтың "Біржан сал Абай ауылында" атты әңгімесімен танысып жатырмыз. Сабағымыздың беташарын дана Абайдың өлеңдерімен ашсақ, қалай қарайсыңдар, балалар?!

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Балалар, үй тапсырмасын "Жалғастыр" әдісі арқылы сұраймын. Әр ауыл кезегімен өздеріне зерттеуге берілген тапсырмаларын баяндауға  дайын отырсын.

І топ  "Абай " ауылы Абай өмірі мен шығармашылығы

ІІ топ "Мұхтар"ауылы Мұхтар өмірі, "Абай  жолы" эпопеясы туралы ізденіс

ІІІ топ  "Біржан сал" ауылы Біржан сал өмірі, шығармалары

ІV топ  "Жастар" ауылы Әңгімедегі Абайдың жастарға айтқа өнер туралы сөзінің мәнін ұғындыру. Осы сөздерден не түйгендіктерін баяндау.

Балалар, үй тапсырмасын "Бармақ" арқылы әр топ бір-бірін бағаласын.

ІV. Жаңа сабақ

Балалар, Біржан сал Қожағұлұлына арнап қазақтың біртуар азаматы, актер, режиссер Досхан Жолжақсынов «Біржан сал» атты кино түсіріп, елдің алғысына бөленді. Сал Біржандай ел арысымен халықты қауыштырғандай болды. (Д.Жолжақсынов «Біржан сал»  фильмінен үзінді көру).

Үнтаспадан Жүсіпбек Елебековтың орындауында "Жанбота" әнін тыңдату. (Осы әннің тарихын және өлеңді жатқа сұрау).

Әңгіменің  жоспары:

1. Ауылға келген қонақтар

2. Абайдың қонақтарды құрметтеуі

3. Біржанның Абайға деген ықыласы

4. "Жанбота" әнін шырқау

5. Жастардың өнерге деген сүйіспеншілігі.

6. Ұлжан ананың қонақтарды риза қылуы

7. Қонақтармен қимай қоштасу

Балалар "Ойлан, жұптас, ой  бөліс" әдісі бойынша әр топ постер қорғайды.

Тапсырма

І топ   Өнер туралы  мақал-мәтелдердің мәнін ашу.

ІІ топ   Мәтінге  композициялық жоспар құру.

ІІІ топ   Ұялы телефоннан ғаламтор арқылы немесе түсіндірме сөздіктен мәтіндегі қиын сөздерді табу.(манат, тайтұяқ, сал, сері)

ІV топ  "Біржан сал Абай ауылында"  әңгімесінен қандай тәрбие аламыз?

(Оқушылар бір-бірін "Екі жұлдыз, бір ұсыныс"  арқылы бағалайды).

V. Сергіту  сәті

Абайдың "Желсіз  түнде жарық ай" әнін айтқызу.

Балалар, РАФТ әдісі бойынша Абай және Біржан аталарымызға хат жазайық. (Оқушыларға Біржан мен Абай аталарына жазған хаттарын оқыту).

VІ. «Аялдама» әдісі

  1. Біржан қандай қасиетімен елге жағымды болған?
  2. Қанша уақыт өтсе де халқымыз Абайды биік тұғырға көтереді. Осының сыры неде деп ойлайсыңдар?
  3. Әңгімедегі жастардың өнерді құрметтеуіне кім еңбек сіңірді?
  4. Бүгінгі күннің өнер иелерінен кімдерді білесіңдер?

VІІ. Сабақты  бекіту

- Балалар, Абай мен Біржанды жақындастырған ненің құдіреті екен?

- Әрине өнер құдіреті

Қорытындылау:

 

 

             «Біржанның творчестволық өмірінде болған тағы бір үлкен оқиға-оның Абай ауылына баруы. Баста өзінің әдеттегі  ән саяхаты есебінде  барғанмен, Абайдың әсері Біржанға күшті болды»      Ахмет Жұбанов

 

 

VІІІ. Бағалау

ІХ. Үйге тапсырма.

1. Әңгімедегі көркемдегіш құралдарды тауып, дәптерге жазып келу.

2. "Өнерлі өрге жүзер" тақырыбына шығарма жазып келу.           

 

«Аялдама» әдісі

1. Біржан қандай қасиетімен елге жағымды болған?

2. Қанша уақыт өтсе де халқымыз Абайды биік тұғырға көтереді. Осының сыры неде деп ойлайсыңдар?

3. Әңгімедегі жастардың өнерді құрметтеуіне кім еңбек сіңірді?

4. Бүгінгі күннің өнер иелерінен кімдерді білесіңдер?


Пікірлер (3)

арико

жауаптары кайда

мансур

жауабы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз