Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ү дыбысы мен әрпі

Тілеубай Бижан

Қарағанды облысы Шет ауданы

Ақой  ауылы

Жалпы білім беретін Ақой орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың түрі:   (ашық сабақ)

Пәні:          Сауат ашу

Сыныбы:     1

Сабақтың тақырыбы :  Ү дыбысы мен әрпі

Білімділік: Ү дыбысы мен әрпін таныту.Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.

Дамытушылық: Ү дыбысына байланысты  жаңа сөздермен таныстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін, тілін, сөздік  қорларын  дамытып, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: әріптер, оқулық, суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, сұрақ-жауап, түсндіру.

Сабақтың түрі: ертегі сабақ.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Ендеше, бүгінгі қонақтарға, өз білімімізді көрсетейік.

ІІ. Психологиялық дайындық.

 

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

 

 

1-слайд.

а) Сұрақ-жауап:  -Қазақ тілінде қанша әріп бар?

- Дыбыс деген не?

                                    - Әріп деп нені айтамыз?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты және дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

2-слайд.

ІІІ. Дауысты және дауыссыз дыбыстарға ажырату. (ұяшыққа салу)

3-слайд.

ІV. Өткенді пысықтау. Ө дыбысын қайталау.
 

V. Жаңа сабақ.  4-слайд.

 а)  Тақтаға  «Бауырсақ» ертегісінің суреті көрсетіледі. Кейіпкерлерін атайды.

Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы ү дыбысымен танысатын боламыз. Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыға ата мен апаның сіздерге арнаған сыйы бар екен оны сабақтың соңында не екенін білеміз. (гүлдер тарату )

 

1. Қоянның тапсырмасы.

« Сөзжұмбақ» шешу.

  1. Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар.
  2. Көру мүшесі не?
  3. Не білім бұлағы?

-Қандай сөз шықты. Үкі қандай дыбыстан басталып тұр?

- Ү - ү - ү (хормен айту)
- Ү - қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Ү - жіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.
- Қандай түспен белгілейміз? Неге?

- Ү - дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.
-Ү дыбысына ұқсас дыбыс бар ма?
-Үү – Ұұ дыбыстарын салыстыру. ( кеспе әріптер)
-Ү - жіңішке дауысты дыбыс, ұ - жуан дауысты дыбыс және белінен сызылған.
5-слайд.

Суретпен жұмыс. (буынға бөлу, сөйлем құрау)

Қосымша материалмен жұмыс.

«Г»-ден баста  мен кілең

Ажарымын өңірдің

«К»-ден баста  мен кілең

Қалдығымын көмірдің

«Т»-дан бастап  оқысаң

Аты аңыз қу аңмын.   

«К» болса басқы әрпім

Езу тартып қуандым.          (Гүл-күл, түлкі-күлкі)

 

Сергіту сәті:

6-слайд.

2. Қасқырдың тапсырмасы.

VІ. Оқулықпен жұмыс. а) Тізбектеп, қатар бойынша оқыту.

                                           б) «Білеміз бе» ойыны

        д) Сөздік қоржын (жаңа сөз)

 

7-слайд.

3. Аюдың тапсырмасы.

VІІ. Дәптермен жұмыс: ү әрпін жазу.

а) ауада жазып қол жаттықтыру;

ә) Ү дыбысының  үлкен  және кіші  әріптерін жазу.

8-слайд.

4. Түлкінің тапсырмасы.

Ой тастау. (жұмбақ шешу)

9-слайд.

Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.    

10-слайд

VІІІ. Қорытынды. Сұрақ-жауап:

  • Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
  • Ү дыбысы қандай дыбыс екен?
  • Ү  дыбысына байланысты сөздер айту.

 

11-слайд

ІХ. Үйге тапсырма беру. Мадақтау.

       Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Тексерілді:                                                

 

 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз