Эссе және өлең-жыр байқауы

Алғыс

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: «Алғыс»

Мақсаты: «Алғыс» ұғымының  адамгершілік  құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Алғыс айту туралы  түсініктерін  кеңейту. М.Төрежановтың  «Алғыс» әңгімесін кейіптендіру.  Әңгіменің мазмұнын аша отырып, диалог сөздерді мәніне  келтіре айта білуге дағдыландыру. Әдепті болуға, үлкен-кішіге  ізет, қамқор болуға тәбиелеу.

Міндеті:

1.«Алғыс» сөзінің мән-мағынасын айыра білуге үйрету.

2. Жыл мезгілдерінің ішінде күз айларының өмірде орны ерекше екенін ұғындыру.

Күтілетін нәтиже:

1. Мәтінді түсініп оқып, рөлге бөліп айта алады.

2. Күз байлық, күз молшылық, күз жомарт екенін біле алады.

Не арқылы бағаланады:

1. Мәнерлеп оқу және жатқа айту

2. РАФТ кестесі,өзара оқыту, сұраққа нақты дұрыс жауап беру.

Әдіс-тәсілі:

Сұрақ-жауап, РАФТ кестесі, көрнекілік немесе  тірек символдары, өзара оқыту, өзін-өзі бағалау.

Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, техникалық құрал

 

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылығын ояту

а) Психологиялық дайындық

 Балалар ортаға шығып, бірін-бірі құшақтайды 

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырасын даламыз,

Жақсы оқитын баламыз

Қайырлы таң достарым!

ә) Үйге берілген тапсырма

Т.Жароковтың «Күз» өлеңін мәнерлеп оқу, «Мұғалім» өлеңін жатқа айту. Әр топтан сұрау.

б) Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:

1. Күзде жапырақтар неге түседі?

2. Шәкірт ұстазына қандай уәде берді?

3. Тақырып дегеніміз не, шығарманың идеясы дегеніміз не?

ІІ Мағынаны тану

в)Көрнекілік  немесе  тірек символы

 

 

Осы суреттер арқылы 3-4 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыру.

Жұмбақ

Аласа тал,

Тамаша тал

Самсап тұр алмасы.

Ол алқызыл,

Ол қан қызыл

Боялғанша алмашы!

(Қызанақ)

г) Өзара оқыту стратегиясы    Бала мәтінді өзі оқиды. Мұғалім толықтыру үшін қосымша сұрақ  береді.

ғ) Сергіту сәті «Сөйлем құра» ойыны. Мақсаты: Заттарды өзара тез байланыстыру.

1.            Теледидар, тышқан, тау.

2.            Боран, кітап, трактор.

3.            Керік, арқан, күшік.

4.            Сарай, қоңыз, таңертең.

д) Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары:

1.            Қасым мен Хасен кімдерге алғыс айтты? Не үшін?

2.            Нағыз алғыс иесі кім? Неліктен?

3.            Анасы балаларға қандай ақыл айтты?

4.            Күз мезгілі несімен ұнайды?

5.            Күзде болатын тұрмыстық, кәсіптік мерекелерді ата.

ІІІ Ой толғаныс

РАФТ.  10минуттық эссе жаздыру.

Дәйек сөз: «Егер еңбегіңе жұрт алғыс айтып, сүйсінер болса, еңбегіңнің бағаланғаны»

ІV Өзін-өзі бағалау

V Үйге тапсырма

1.Мәтінді рөлге бөліп оқу.

2.Еңбек туралы мақал-мәтел жазып келу


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз