Адамның нашар мінезі

Қызылорда қаласы «Парасат» мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Пернебаева Құндызай Темірқұлқызы

Әдебиеттік оқу 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Адамның нашар мінезі. Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Оқушыларды Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыру.  Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің пайдасы мен зиянын дұрыс тануына жол салу.Мәнерлеп қатесіз оқуға, тез жүгіртіп оқуларын жетілдіру, оқу-дағдысын жаттықтыру.

ә)Дамытушылық: Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту.

б) Тәрбиелік:Адамның нашар мінезі мен жақсы мінезін ажырата білуге тәрбиелеу

      Сабақтың көрнекіліктері: Ш.Құдайбердіұлының портреті, суреттер, нақыл сөздер,сөздер,кестелер.

Сабақтың әдістері: сөздік, түсіндірмелік, әңгімелеу, сұрақ – жауап,топтастыру,эссе,салыстыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.                             

Психологиялық күй

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білейміз.

«Мен кіммін? Мен қандаймын?» оқушылардың өз ойын  тыңдау. Сабақ қалай бағаланатынын айту.

II. Үй тапсырмасын сұрау.                        

Үйге «Адалдық» мәтіні, түсініп оқу, мазмұндау, эссе жазу.

1 қатар – эссе оқу

2 қатар – мазмұнын айту

3 қатар – оқыту

III. Жаңа сабақ

  • Кіріспе                                                    

«Адам» сөзінің мағынасы туралы ой қозғау.

Топтастыру,эссе жазу,өлең шығару

      Оқушылардың жазғандарын талдау.

  • Дұрыс. Кез келген адамның бойында жаман қасиеттері мен жақсы қасиеттері болады. Тақтадағы сөздерді осы екі бағанға бөліп орналастырайықшы.

1 қатар – еріншек, мақтаншақ, ашу, ызақор,тәкаппар,сараң,өтірікші, өсекші

2 қатар – еңбекқор, көпшіл, ақылды, мейірімді, сабырлы, сыпайы, адал

3 қатар – ызақор,еріншек адам туралы  көрініс   көрсету. Талдау.       

  • Үшінші қатар оқушыларының көрінісі қандай мінезді адамдар жайлы екен?
  • Жалқау,еріншек,күйгелек,ызақор адамдар жайлы.
  • Дұрыс. Міне,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осындай адамдар жайлы өтпек.Дәптерімізді ашып бүгінгі тақырыбымызды жазып қояйық, Ш.Құдайбердиевтің  «Ызақор» және «Еріншек» өлеңдері.
  • Оқулықпен жұмыс                 

 «Ызақор» өлеңін оқу, сөздік жұмысын жүргізу.

 Топтар бір – біріне сұрақ қойып, жауап беру арқылы талдайды.

«Еріншек» өлеңін оқу, сөздік жұмысын жүргізу.

Топтар бір – біріне сұрақ қойып, жауап беру арқылы талдайды.

3) Сергіту сәті                            

- Біз өтіп жатқан өлеңдерді жазған кім екен?

- Шәкәрім Құдайбердиев

- Ендеше, Ш. Құдайбердиев туралы достарының дайындап келген     рефератын тыңдайық.

Реферат мазмұны бойынша дәптерге қысқаша автордың өмірбаянын жазу.

Ш.Құдайбердиев 1858 жылы 11 шілдеде Семей облысының Абай ауданында туған. Оның әкесі  Құдайберді – ел билеуші аға сұлтан Құнанбай Өскенбаевтің баласы, Абайдың туған ағасы.

Шәкәрім өз бетімен көп оқып, рухани қазыналарға тереңірек үңіліп, білім – ғылымның қадір – қасиетін терең түсінуге ден қояды.

IV. Сабақты бекіту.                  

1 қатар   «Ызақор» баланың келешегі қандай болады деп ойлайсың?

2 қатар   «Еріншек» баланың келешегі қандай болады деп ойлайсың?

3 қатар  осы екі мінезді салыстыру

Оқушылардың жазғанын оқыту, талдау.

V. Үйге тапсырма беру.                    

Қалаған өлеңді жаттау, «Менің парталас досым...» тақырыбында эссе жазу

VI.Бағалау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз