Эссе және өлең-жыр байқауы

Үш арыстың үлгілері

Сабақ  тақырыбы:

Үш арыстың үлгілері

Сілтеме:

Оқулық 

Жалпы мақсаттар:

Танымдық:  Өлең мазмұнын талдау арқылы шешендік сөздердің идеялық мәнін аша білуге, ізденіс жұмыстары арқылы танымдық қабілеттерін жетілдіруге жағдай жасау. Өзара қарым- қатынастарын шынайы дамытуға ықпал ету

Эмоциялық: оқушылардың зейінін тұрақтандыруға, есте сақтау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Әлеуметтік: өзара әрекеттесу арқылы оқушыларды жүйелі сөйлей білуге, ойларын еркін жеткізе білуге жағдай жасау.

Оқу нәтижесі

Сыни ойлауы дамып,өз ойларын еркін айтуға үйренеді

Өзара әрекеттесу арқылы оқушылардың танымдық белсенділі артады

Негізгі идеялар

Ізденіс жұмыстары арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары артады, танымдық қабілеттері дамиды

Тапсырма көздері

  1. Кеңейтілген тапсырмалар
  2. Ізденіс жұмыстары, Жұптық , жеке жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар,суреттер

Мотивациялық кезең

Оқушылардың көңіл- күйлеріне әсер ете отырып, оқушыларды жұптарға бөлу.

Ән салуға барамыз

Досымызды табамыз

Сәлемет пе! Бұл мен!

Доспын енді сенімен!

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардан үйге берілген тапсырмаларды сұрау.

  1. тапсырма. Оқулықта берілген өтірік өлеңді әуенмен жатқа айту.
  2. тапсырма Оқулықта берілген тапсырма бойынша өз ойларынан өтірік өлең құрастыру. ІІ М СТОҮ (ұтқырлық)

ОҮБ-1  (жұптарда өзара бағалау)

Жаңа сабақ

- Қандай халық шығармаларын білеміз?  Оқушылардың ойларымен бөлісу.

Бүгінгі сабақта біз халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрі- шешендік сөздермен танысатын боламыз.

Шешендік сөздер – терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармасы. Ол тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі болып табылады.

Шешендік сөздерді кімдер айтады деп ойлайсыңдар?

Би дегеніміз кім екен балалар?
Би - ел билейтін тарихи тұлға.

Демек біз бүгінгі сабақта қазақтың атақты билерімен танысатын боламыз.

Сабақ барысында тапсырмаларды жұптаса орындайтын боламыз. (жоба қорғау)

І жұп «Төле бидей төре болыңдар!» деген тілекті  айта отырып, Төле би туралы не білетіндеріңді айтыңдар.

ІІ жұп  Бүгінгі сабақта «Қаз дауысты Қазыбек бидей тапқырлық танытыңдар» деген тілекті айта отырып, Қазыбек би туралы не білесіңдер.

ІІІ жұп сіздерге «Әйтеке бидей әділ болыңдар» деген тілек айта отырып,  Әйтеке би туралы не білесіңдер. ІІ М СТОҮ(пайым)

ОҮБ- 3 (оқушылардың түсіндірулері)

Қазақтың майталман үш биі Төле би, Қазыбек, Әйтеке билер көбіне Түркістанда жиі-жиі бас қосып, әңгіме-кеңес өткізіп тұрады екен. Сондай бір кездесудегі   сөз үлгілерінен үзінді оқимыз

Оқулықпен жұмыс.

«Үш арыстың үлгілері» өлеңін оқып талдау жүргізу.

Ендеше, осы бабалар сөздерін өзіміз түсініп бір мәрте іштей оқуға тапсырма беремін. І М (диалогтық оқыту)

«Тұлға бойындағы қасиет» туралы не айта аламыз? Оқушыларға үш бидің суреті таратылады. Билердің бейнесінен не байқалады? Интерактивті тақтаға жазу. ІІІ М АКТ

Үш бидің айтқан  шешендік сөздерін  сахналау.

Сергіту сәті

Сергіту жаттығуларын жасату.

Кейінгі тапсырмалар

Қорытынды

Тарау бойынша тест жұмыстарын алу.

1. Өмірде болған адамның басынан өткен әңгіме қалай аталады?

А) жұмбақӘ) жаңылтпашБ) аңызВ) мысал

2. Қиял- ғажайып ертегілері тобына жататын мәтінді ата.

А) Байлық пен ақылӘ) Аңқау арыстан

Б)Ұр, тоқпақВ) Түлкі мен қасқыр

3. «Жаңбыр жаумаса- жер жетім» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?

А) Қазыбек биӘ) Әйтеке биБ) Төле биВ) Халық

4. «Алтын ұяң- Отан қымбат» деп басталатын шешендіксөзді айтқан кім?

А) Қазыбек биӘ) Әйтеке биБ) Төле биВ) Халық

5. «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін...» деп бата берген кім?

А) Қазыбек биӘ) Әйтеке биБ) Төле биВ) Халық

Жадыны дамытуға арналған ойын

Біз бүгін соңғы бірнеше сабақ барысында оқыған негізгі сөздер келтірілген. 

Оларды жаттау үшін, оқушыларға  1 минут уақыт беріледі.

Берілетін сөздер: би, шешен, аңыз, жаңылтпаш, мақал- мәтел, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, шешендік сөздер, Әйтеке, Қазыбек, Төле, өтірік өлең, мысалдар, төрт- түлік жырларыҮІ М ОЖЕСО

ОҮБ-4 (оқушылардың арнайы қателерді бағалауы)

Бағалау

 ОҮБ -1,3,4

Кейінгі тапсырмалар

Үйге тапсырма

Үш арыстың үлгілері /шешендік сөздерін жаттау/

Үш туралы аңыз әңгімелер оқу.

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз