Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Жұрнақ пен жалғау

Шатенова  Сафура   Ералықызы

Жезқазған   қаласы  №1 орта  мектеп

Бастауыш   сынып   мұғалімі

Тақырып: Жұрнақ пен жалғау

                   350-354 жаттығу

 

Мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін қалыптастырып, бір-бірінен ажырата білуге дағдыландырып, ой – өріс қиялын дамыту және сонымен қатар сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: кесте, венн диаграмма

Әдіс – тәсілі: түсіндіру сұрақ – жауап әңгімелеу

 

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

І. Ұйымдастыру кезеңі «психологиялық тренинг»

 

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім

Туған тілім – анам тілі – өз тілім

Туған тілім – далам тілі – өз тілім

Туған тілім – адам тілі – өз тілім

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

 

  • Үйге қандай тапсырма берілді

-жаттығу

Қойшы – қой төрт түліктің бірі – шы жұрнағы жалғанып, қой бағатын адамға айналды.

Шалғышы –шы жұрнағы жалғанғаннан кейін не істеді? Сөздің мағынасы озгерді ме.

  • Сонымен шы жұрнағы қой шалғы сөзіне қандай қызмет атқарды.
  • Ендеше – жұрнақ дегеніміз не?
  • Жалғау дегеніміз не? Мысал келтіріңдерші
  • Олай болса жұрнақта, жалғауда жалғап сөз құраңдаршы.

Мынау ненің суреті: жылқы + шы + лар

Түбірі қайсы

Қай сөзден шығып тұр

Жұрнағы қайсы

  • Лар нені көрсетіп тұр? Жылқы бағатын адамды көп екенін білдіріп тұр.

Жұрнақ жалғаудан бұрын жалғанады. Жұрнақ ешқашан жалғаудан кейін жалғанбайды.

-жаттығу «Ауызша» қарамен жазылған сөздерге қарайық.

Шекарашы сақшысы

Шекарашы деп кімді айтады?

Біз қай елдермен көршіміз «Қытай Ресей» Қазақстан арасын шекара дейді. Ендеше Қазақстан жерін күзететін адамды шекарашылар дейді.

Шекара облыспен облыстың арасында мектептің арасында ауылмен ауыл шекарасы бар.

Шекарашы сөзінің түбірін тап – шы жұрнақ неге сөз мағынасын өзгертіп тұр.

2. Сақшысы дегенді қалай түсінеміз? Күзетте тұратын адамды айтады.

Ребус шешу:

Әдептілік

351-жаттығу

  1. Оқушының оқуы
  2. Мағынасын ашу.
  3. Жатқа жазу
  4. Сөз құрамына талдау
  • Оқушы тақтада орындайды «1 о»
  • Дұрыс жазды ма? Жөндейік, қатемізді тексереміз
  • Сөз құрамына талдау «2 о»

Әдепсіз бала ауыздықсыз атпен тең

Ақылды қария жазып қойған хатпен тең

Кім жылдам ойыны

 

Сөз

Түбір

Жұрнақ

Жалғау

Бүркітшілер

 

 

 

Өнерпаздар

 

 

 

Арбакештер

 

 

 

 

Бүгін ауа райы қандай? Мектепке келе жатқанда не байқадыңдар, қыс туралы күнделікті сабағымызда айтылып жүр.

Осы сөздерді байланыстырып сөйлем құраймыз, жұрнақ пен жалғауды бір сөзбен не дейміз?

Қосымша

Ендеше құраған сөйлемдеріңнен қосымшалы сөйлемдерді табыңдаршы.

 

Қорытынды: Қосымшалардың түрлерін бір-бірімен салыстырайық.

Олардың бір-бірінен қандай ерекшелігі, қасиеттері бар екен.

 

Венн диаграммасы

 

Үйге тапсырма:


Пікірлер (1)

Арсен

маған ережесі керек еді .Жазып беріңізші

Пікір қалдырыңыз