Өлең, жыр, ақындар

Омар Һайям «Рубаилар»

1. Пән аты: Қазақ әдебиеті
2. Сыныбы: 8    
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: ІV
5. Мұғалім: Нұғымаров Рауан
Сабақтың тақырыбы: Омар Һайям «Рубаилар»
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға шығыс әдебиетінің көрнекті тұлғалары туралы  әдеби білім беру, Омар Һайямнің  өмірі  туралы  баяндай отырып, рубаиларының мазмұнын меңгерту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды  адамгершілікке, ізгілікке, елжандылыққа  тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, талдау, баяндау, мәнерлеп оқу, топтық  жұмыс, «ойлан-жұптас-бөліс» әдісі, «ыстық мінбе»  әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Омар Һәйәмнің  портреті,  шығармалар жинағы. Интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет, тарихы.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Оқушылармен сәлемдесу.
 Оқушылармен сәлемдесіп бір-біріне тілек айтқызу  арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып аламын.
2. Топқа бөлу (Шығыс ғұламалары)
Шығыс ғұламаларының аттары жазылған қағаздар арқылы төрт топқа бөлемін. 
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ә.Рудакидің өмірі мен шығармашылығы.
2. Сұрақ-жауап. Блиц – сұрақ  (диалогтық оқыту)
1.Ә.Рудакидің ертегілер кітабынан жасаған аудармасы қалай  аталады? 
2.Ә.Рудакидің төрт жолды өлеңдері қалай аталады? 
3.Рудаки неліктен Иранның ұлттық мүддесін, тәуелсіздігін,тіл дербестігін қолдаған? 
4.Неліктен Хорасанның билеушісі Ә.Рудакиді өз сарайына алдырған? 
5.Рудакиді тағы  қалай атаған? 
6.Рудакидің неліктен әлем әдебиетінде аты қалған? 

ІІІ.Жаңа тақырып.
1.Алдын ала берілген тапсырма бойынша 1 оқушы Омар һайям туралы жасалған слайдты қорғайды. (АКТ, Дарынды оқушымен жұмыс)
2.Интерактивті тақтада бейне арқылы рубайлардың аудио нұсқасын тыңдату.
3.Топпен жұмыс. (АКТ)
«Жұптас – ойлан – бөліс» әдісі  
Рубаиға анықтама беру. Өлеңнің құрылысына талдау. 4 топ  4 рубаиға талдау жасайды. (СТО)
4. «Ыстық мінбе»  әдісі. . (СТО)
                           1
Даналар ой маржанын жіпке тізген,
Кеңесіп Құда жайын текке бізбен,
Шеше алмай сыр түйінін, ақырында,
Кетті ғой талай надан кеткен ізбен.

                          2
Жаһанда  жан тең келмей туған дана,
Жұлдыздай жұрттан биік тұрған дара,
Өмірге о сорлы да қайран болып,
Өтті ғой өкінішпен, бар ма дауа!

                         
                           3
Жас та өтер, бірте-бірте, кәрі де өтер,
Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер.
Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә,
Кетеміз,  кетті, келер, тағы кетер.

                           4
Дариға-ай, қартайдық қой бостан- босқа,
Қайғы-мұң Құдай бізге қосқан баста.
Жоқ болдық қас қаққанша, о, сұм өмір,
Жете алмай көп арманға тосқан баста..

ІV.Сергіту сәті 
V.Жаңа сабақты бекіту. (Диалогтық оқыту)
2.Сұрақтарға жауап беру:
1) Омар Һәйәм кім?
2) Қандай ғылымдармен айналысқан?
3) Өлеңдерінің мәні мен мағынасы қандай?
4) Рубай дегеніміз не?
5) Рубайлардың қазақ поэзиясынан айырмашылығы?

VІ.Үй тапсырмасын беру:
1.     Омар һайямның өмірімен таныса отырып, Әл-Фарабимен салыстырып венн диаграммасын құру.
2.    Ақынның 5 рубаиын жаттау.

VІІ.Топта көшбасшының бағалауын тыңдау.
    Оқушылардың жауаптарын бағалау.
    Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»


Пікірлер (5)

елдара

туф 5 класска арналган жокпааааа? тек омыр туралы гой

жанел

оте кушти маган унайды
бирак ак кушик деген оленин таппадым

елдана

Ия 5класска арнаган такпак жокпа

Aika

5 класска арналган Олен, таппак жок

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз