Өлең, жыр, ақындар

Теміржол вокзалы

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы
"Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп" коммуналдык мемлекеттік мекеме
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Бердикулова Айжамал Бибосыновна

Ашық сабақтың тақырыбы: «Теміржол вокзалы»
Сабақтың мақсаты:
білімділік: сабақ барысында сөйлесу арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс және анық айтуға машықтандыру; өз ойларын сауатты жазуға үйрету;
дамытушылық: тақырып бойынша әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы балалардың диалог және монолог түрінде сөйлеу тілін дамыту;
тәрбиелік: елін, жерін сүюге, құрметтеуге үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: тыңдалым, айтылым, сөйлесім, оқылым, жазылым, түсіндіру, суретпен, интерактивтік тақтамен, оқулықпен жұмыс, топтық, өзара жұмыс, шығармашылық жұмыстар, үлестірмелі кәртішкелер.
Сабақтың материалдық, техникалық жабдықтары: оқулық, сурет – «Вокзалда», интерактивтік тақта.
Сабақтың мазмұны мен жүрісі.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
оқушыларды түгендеу;
оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Көлік түрлерін ажырату

Жаңа сабақ
«Амандасу рәсімі»
«Ленин» атты мектептің,
Тәрбиелі баласы.
Алдыменен үлкенмен,
Амандасып алады.
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң достарым!

Оқушыларды 2 топқа бөлу
Алдымен топқа бөлініп алайық. Ол үшін мына суретті құрастыру керек. Сурет дұрыс құрастырылса Қарағанды және Астана қаласының теміржол вокзалының суреттері шығу керек.

Балалар біздің бүгінгі сабағымыз саяхат түрінде өтеді. Қарағанды қаласынан Астанаға сапар шегеміз. Сапарға аттанбас бұрын сабағымыздың тақырыбын анықтап алайық. Ол үшін сөзжұмбақ шешеміз.

1 - тапсырма   Сөзжұмбақ «Вокзал»
1. Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр. (Автобус)
2. Вагондар неге жалғанады? (паровоз)
3. Транспорт сөзінің аудармасы (көлік)
4. Жүк машинасы (ЗИЛ)
5. Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ.
Май жейді, су ішеді.
Бұл не екен, балалар? (машина)
6. Ұшақ сөзінің орысшасы (самолет)
Поездға міну үшін бізге билет керек. Билетті вокзалдың билет кассасынан сатып алу керек. Ол үшін мына тапсырманы орындауымыз қажет.

2- тапсырма. Мәтінді оқы, аудар.
Вокзалда
Қаланың темір жол вокзалы кең, жап-жарық. Вокзалда жолаушылар көп. Шығарып салушылар да көп. Жолаушылар вокзалдың ішінде жүр, кассаның алдында, перронда тұр.
Біз бүгін Астанаға жол жүреміз. Жаңа кассадан билет сатып алдық. Поездың жүруіне әлі бір сағат бар. Біз өз поезымыздың келуін күтіп тұрмыз.
Қазір ғана бірінші жолға жүрдек пойыздың келіп тоқтағаны хабарланды. Вагонның жанында жолсерік тұр. Ол жолаушылардың  билеттерін тексерді. Жолаушылар вагондарға отыра бастады. Вокзалдың күту залы бос қалды.  Пойыз жайлап орнынан қозғалды да, жүріп кетті.  Алыстан даусы ғана естіледі.Вокзал маңы сәл тынышталғандай болды.

Билет алдық. Поездға отырғызу басталды. Поездға отыру үшін сөздік жұмысын орындайық.

3-тапсырма. Сөздерді аудар.
Темір жол – железная дорога
Жолсерік – проводник
Жолаушы – пассажир
Жүк вагоны – багажный вагон
Жүк қоймасы – багажное отделение
Пойыздардың жүру кестесі – расписание поездов
Жүрдек пойыз – скорый поезд
жолға шығару – провожать
жол полициясы – дорожная полиция


Фонетика станциясы
4-тапсырма. Сөйлемдерді буынға бөл, және буын түрлерін ажырат
Поездың адам және жүк тасымалдайтын түрі болады.
Поездың көп вагондары паровозға тіркеледі.

Лексика станциясы
5-тапсырма Диалогты досыңмен оқы
Анықтама бюросында
- Кешіріңіз, Алматыға дейін поезд неше сағат жүреді?
- Поезд Алматыға дейін 17 сағат жүреді.
- Поезд жолда тоқтайды ма?
- Ия үлкен станцияларға тоқтайды.
- Поездға бір билет бар ма?
- Сізге қай күнге керек?
- Маған қаңтардың жиырма бесіне, кешкі уақытқа керек.
- Қаңтардың жиырма бесінде Қарағандыдан Алматыға  бір поезд жүреді. Осы поездға билет бар. Аласыз ба?
- Жолға өзіммен бірге неше кг жүк ала аламын?
- Өзіңізбен бірге 36 кг жүк ала аласыз. Қалған жүгіңізді жүк вагонына саласыз.
- Билеті неше теңге тұрады?
- Поезд билеті 3000 теңге тұрады.
- Билетті қай кассадан ала аламын?
- Билетті екінші кассадан ала аласыз.
- Берген мәліметіңізге көп рақмет.

Сергіту сәті

Морфология станциясы
6 тапсырма. Сөздерді түбір қосымшасына ажырат
Пойыздардың, жолсерікке, жолаушыларға, билеттерімізді

Синтаксис станциясы
7-тапсырма. Сөйлем мүшесіне талдаңдар
Біз вокзалға келдік. Вокзалда жолаушылар жүр. Жолсерік билетті тексерді. Жолаушылар вагонға кірді.

Астана вокзалы «Домино» ойыны

Бекіту: ТЕСТ, сұрақ-жауап арқылы

Үй тапсырмасы.
1.    Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.

  Жеңіл

  Қауіпсіздігі

  Қоғамдық

  Газдар

  Қарт           

  Түс

  Жол

  Автобус

  Орын

  Адам

  Жол

  Көлік

  Жасыл

  Беру

  Мәдениетті

  Жүргінші

  Зиянды

  Тәртібі

  Жаяу

  Адам

2. Домино құрастыру.

Бағалау. Білімі мен тақырыпты меңгеру деңгейіне қарай бағаланады.

Рефлекция «Бағдаршам» әдісі бойынша.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз