Өлең, жыр, ақындар

М. Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы
№2 Ақсуат орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Аханжанова Гульжанат Асетовна

Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Мақсаты: Міржақып Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» өлеңімен танысады. М. Дулатов өмірбаяны туралы оқып, танысады. Жаңа білім нәтижесінде өз аналары туралы эссе жазады. Өлеңнің мазмұнымен танысады, талдайды. Әдеби теориялық ұғымдарды меңгереді. Шығармашылық қабілеті дамиды. Топта жұмыс істеуге үйренеді.
Сабақтың әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақта қолданылатын әдістер: «ББТ» әдісі, эссе, 5 жолды өлең.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту.

1. Үй тапсырмасын тексердім.
2. М. Дулатов өмірі, шығармашылығынан білетіндерін «ББТ» әдісі бойынша кестенің 1-бағанын толтырды.
Білемін білдім
II. Мағынаны ажырату.
1. М.Дулатов өмірі, шығармашылығы жайлы оқып, танысты. Кестенің 2- бағанын толтырды. 
2. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнерлеп оқыдым, сұрақтар қойдым.
- Өлеңде адамның көңіл-күйі, сезім дүниесі бейнелеп көрсетілген бе?
- Көңіл-күйі, ішкі сезім дүниелерін бейнелеп беріп тұрған қандай сөздер? 
- Өлең қандай әдеби жанырлық шығарма?
3. Әр топқа берілген өлең шумағының тармақ, буын, бунақ, ұйқасын тапты.
       Кім сен-дер-ді,\\ ба-ла-лар, \\тер-бе-те-тін,                  а
      Ер-ке-ле-тіп,\\ ой-на-тып,\\ сер-гі-те-тін?                        а
      Жал-қау бол-саң,\\ ба-ла-лар,\\ жа-ман бол-саң,           ә
      Қам-қор а-наң\\көз жа-сын\\көл-де-те-тін.                     а-қара өлең ұйқасы, 11 буын, 3 бунақ, 4 тармақ.
4. Өлеңге қатысты сұрақтарға жауап берді.
- Ақын өлеңді кімдерге арнаған?
- Ана баласына қандай қамқорлық жасайды?
- Неліктен ана көз жасын көлдетеді?
5. Тапсырма:   Анаға байланысты білетін мақалдар айтыңдар.
1) Атыңа ауыр жүк артпа, Анаңа ауыр сөз айтпа.
2) Әке ақылы - бұлақ, Ана ақылы - шырақ, Аға ақылы - көмек, Іні ақылы демеу
3) Ана алдында - құрмет, Ата алдында - қызмет. 
4) Ағайын - алтау, Ана - біреу. 
5) Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің. 
6) Ананың сүті-бал, Баланың тілі - бал.
7) Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
6) «5 жолды өлең» әдісімен «Ана» сөзіне байланысты тапсырма орындады. 
III.Ой толғау.
Толғаныс сәтінде оқушылар өз аналары жөнінде «Менің анам» тақырыбына эссе жазды.  \1-2 оқушының жазған өлеңі де болды\
Альмира: Анашым-мақтанышым,
               Әкешім-жұбанышым.
               Бәрі-бәрі сіздер үшін, 
               Тақпақ жаздым сіздер үшін.
Гауһар: Мама, мама, маматайым,
            Әрбір сөзің қымбат маған.
            Сендей сұлу маманы
            Мен көрмедім өмірімде.
            Өзін тіпті ойламай, 
            Бізді ғана ойлаған.
            Өмірде бізді кешіріп,
            Мейіріммен қараған.
Үйге тапсырма: М.Дулатов өмірі, шығармашылығы туралы оқу.
Өлеңді жаттау.
Оқушылар білімін бағаладым.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз