Диктант

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы
А.Меңдалыұлы атындағы орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бектурганова Айтгул Сыдиыковна

Пән: қазақ тілі

Сынып: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Диктант

Мақсаттары: Қазақ тілінде дұрыс жазуға үйренеді.

Әдіс тәсілдер: оқу, талдау, жазу.

Күтілетін нәтиже: мұқият тыңдап, диктантты қатесіз жазу.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Бақылау жұмыс дәптерлерін тарату, балаларды бақылауға дайындау.

Сергіту сәті

«Көзді тынықтыру»

Жаңа сабақ

Диктант жазу.

Диктант мәтіні

Аққу

Мен шыққан төбе онша биік емес. Мен төменге көз салдым. Осы төбенің етегінен әрмен қарай қалың құрақ өсіпті. Одан әрі етіктің ұлтаны тәріздес шалқар көл жатыр. Әлі күн көзі түсе қоймаған көл беті қарауытып көрінеді. Ортасында бір топ үйрек жүзіп барады. Үп еткен жел жоқ. Көл суы мөлдіреп жатыр.

Бір кезде оң жағымнан әсем әуез естілгендей болды. Шырқау аспанда ән салып келе жатқан екі аққу екен. Қуанғанымнан айқайлай жаздадым. Қос сұлу құс қанаттарының сыбысына қайран қалып тұрмын. Аққуларды бұрын жақын жерден көрген емес едім.

(92 сөз)

Үйге тапсырма

Ережелерді қайталау

Күнделіктеріне жазып алуларын қадағалаймын


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)