Уақыт алтыннан қымбат

Атырау қаласы, №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі
Бағытжанова Айжан Сандыбайқызы
 

Пәні: қазақ тілі                                        

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5. Бос уақыт және хобби

Мектеп: №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

Күні:

Сынып: 5 «а»

Мұғалімнің аты-жөні: Бағытжанова А.С.

Қатысқандар: 22           Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Уақыт алтыннан қымбат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламысына сілтеме)

  1. 5.Т/А5 Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;
  2. 5.ӘТН4 Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану;

Сабақ мақсаты

 

 

Барлық оқушылар:

«Уақыт алтыннан қымбат» мәтінінің мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіре алады. Зат есімдердің мағыналық түрлерін таба алады.

Оқушылардың көбісі:

«Уақыт алтыннан қымбат» мәтініндегі қарамен жазылған сөйлемнің мағынасын ашып, өз ойын білдіре отырып, қорытындылай алады. Мәтіннен зат есімнің мағыналық түрлері деректі және дерексіз зат есімдерді тауып, түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар:

Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыра отырып, тұжырым айта алады. Зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратып, қолдана алады.

Бағалау критерийі

  1. Тыңдалған мәтін мазмұнын түсініп, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіре алады.
  2. Зат есімдердің мағыналық түрлерін ажыратып, қолдана алады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Зат есім, зат есімнің мағыналық түрлерін анықтау, жалғаулар арқылы түрлендіру

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Алтындай қымбат уақыт, шаш етектен көп, кітап оқу

Жоғары дәрежелі сұрақтар:

  1. Уақытқа алтыннан басқа қандай теңеу айта аласыңдар?
  2. Уақытты «босқа өлтіру» дегенді басқа қандай сөздермен беруге болады?
  3. Уақыт неге тез зымырап өтеді деп ойлайсыңдар?

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік елдің бесінші құндылығы бойынша оқушыларды еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуға баулу;

Пәнаралық байланыс

Дүниетану: жыл мезгілдері бөлімі

Әдебиет: А.Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне арналған өлеңі

Жаратылыстану: Климат және ауа райы бөлімі

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Балалық шақ

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбалард өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен)

Ресурстар

 

Сабақтың басы

    10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

  

Ширату жаттығуы.  «Суретті сөйлет»

 Суреттерді оқушыларға таратып, осы сурет бойынша уақытты қатыстыра отырып, қандай сөйлем құрап шығарар едіңдер.

 Оқушылар мынандай жауаптар айтуы мүмкін. «Мен үй тапсырмасын екі сағатта орындаймын. Мен күніне жарты сағат мультфильм қараймын. Мен 5 минуттың ішінде тісімді жуамын» деген жауаптарды тыңдауға болады.

Топқа бөлу: Оқушыларға уақыт туралы қанатты сөздер беру арқылы 3 топқа бөлемін.

1-топ. «Уақыт алтыннан да қымбат»

2-топ. «Уақыт — жан- жақты дамудың кілті»

3-топ. «Дүниеде уақыттан жасы үлкен ешкім де, ештеңе де жоқ»

  • Осы ширату жаттығуын жасату арқылы балалар бүгінгі тақырыптың уақытқа қатысты екенін айтады.
  • Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Bilimsite.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

adebiportal.kz

Сабақтың ортасы

      

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

     

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

8 минут

«Уақыт алтыннан қымбат» мәтінін аудиодисктен тыңдап, мәтін мазмұнын толық түсінеді.

1-тапсырма. Тыңдаған мәтін мазмұны негізінде түсінгендеріңді  «Төрт сөйлем» әдісін пайдаланып айту.

Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.

Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстыра отырып, мысал келтір.

Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды айт.

2-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жетекші сұрақтар қойып, көтерілген мәселені «Бестік диктант» әдісі    бойынша талқылау.

Сабақ барысындағы қалыптастырушы бағалау  «Смайлик әдісі»

3-тапсырма.  «Қатені тап» әдісі Мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналық түрлеріне ажырату.  Әр топқа тапсырма беріледі. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топ бірін-бірі тексереді.

Зат есім

Зат есімнің мағ.түрлеріне ажырату

Тексеру

көз

 

 

күзетші

 

 

уақыт

 

 

кітап

 

 

Дескриптор: Білім алушы

  • Мәтін бойынша сұрақ құрастыра алады;
  • Өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелдермен келтіреді;
  • Зат есімнің мағыналық түрлеріне ажырата алады;

 

 

 

 

 

 

 

arman-pv.kz

 

Сабақтың соңы

10 минут

 

 

 

 

      Кері байланыс

 

 

«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» әдісі

Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген оқушылар өз қайығын «Білім теңізіне» жібереді, ал әлі де тақырыпты қайталау керек, сұрағым бар деген оқушылар «Ереже шығанағында» қалады.

«Білім теңізіне» қайығын апарған оқушылар бүгінгі сабақтан нені үйренгенігін, ал «Ереже шығанағына» қайығын апарған оқушылар бүгінгі сабақтан нені түсінбегендерін айтып, мұғалім мен оқушыларға сұрақ қоя алады.

 

/almatykitap.kz

Саралап оқыту – оқушыға мейліне қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Топтық, жеке тап-сырмалар жеңілден күрделіге қарай белгілі бір мақсат-пен сараланды.

Кейбір оқушылар:

1-тапсырмада тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беріп айтады.

2-тапсырмада зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратып, қолдана алады.

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

        Жалпы сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды «Смайлик» әдісі арқылы жүргіземін.

       Сабақты қорытындылау кезінде оқушылардың бүгінгі сабақтан не түйгенін,қаншалықты меңгергендігін  анықтау мақсатында «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» әдісін пайдаланамын.

       

 

 

 

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 

Ширату жаттығулары арқылы

Рефлексия

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: «Бестік диктант»

2:  «Төрт сөйлем»

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1: қалыптастырушы бағалау

2: топтық жұмыс

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)