Комбинаториканың негізгі элементтері

Карағанды облысы, Жезқазған қаласы
«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ
Математика және информатика пәнінің оқытушысы
Тунгушбаева Мадина Жуматаевна

Сабақтың тақырыбы:  Комбинаториканың негізгі элементтері

Пәні: Математика

Курс: ІІ

Сабақтың типі және түрі: Қайталау сабақ, сайыс сабақ

Сабақтың жабдығы:  кесте, сызбалар, таратпалар, слайд,көрнекі құралдар;

Қолданатын технологиялар:  СТО технологиясы, Коучинг технологиясы;

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Студенттерді комбинаториканың қарапайым бөлімдері – орналастырулар, алмастырулар, терулер топтарының ерекшеліктерімен танысуына және факториалға есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Студенттердің  жеке түлғалық қасиеттері қалыптастыру, логикалық ойлауын, математикалық  дүниетанымын  кеңейту;
Тәрбиелік: Жылдам ойлап, тез қорытуға, жауапкершілікке, өз  бетінше білім алуға баулу, адамгершілікке тәрбиелеу;

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру кезеңі.

- Студенттермен амандасу;
- Студенттерді түгелдеу;
- Аудитория тазалығына көңіл бөлу;
- Сабаққа мақсат қою;
- Студенттерді топқа бөлу;

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: комбинаториканың қарапайым бөлімдері – орналастырулар, алмастырулар, терулер топтарына және факториалға есептер  шығарып, жаттығу. 

Студенттерді гүл шоқтары арқылы үш топқа бөлу (орналастырулар, алмастырулар, терулер). БІЗДІҢ ТОБЫМЫЗ КЕРЕМЕТ!!! Студенттерге топтағы рөлдерін таныстыру; Топ басшы – топты ұйымдастырады, уақыт шектеуші – уақытты қадағалайды,баяндаушы – берілген тапсырманы қорғайды, бақылаушы – қарсы топтардың орындаған әр тапсырмаларына  7 ұпайды бөліп қойып отырады, хатшы – тапсырмаларды қағаз бетіне түсіреді.

ІІ Үй тапсырмасы.  Есеп № 324 А,Б  Топ бақылаушылары  қарсы топтағы студенттердің үй тапсырмасын тексереді және бағалайды.

ІІІ Білімді бақылау кезеңі.  Әр топ командасындағы студенттермен қол алысып, амандасады. Біз неше адам қол алыстық? Барлығы неше қол алысу болды? Ендеше біз өткен сабағымызды еске түсірейік.

Тапсырма 1  Фрейімдер моделін құру. (Әр топ комбинаториканың элементтеріне фрейім моделін құрып, қорғайды). Тапсырма соңында әр топ бақылаушылары қарсы топқа ұпай береді.

IV  Бекіту кезеңі.

Тапсырма 2 Ой толғау. Берілген заттар бойынша есептің шартын құру. (Шариктер, сандар, әріптер)

1 – есептің  шарты: Ақ, сары, қызыл, жасыл, қызғылт,көк түсті шарлар берілген. Үш түрлі шарлардың орналастыру топтарының санын есепте (ОРНАЛАСТЫРУ).

2 – есептің шарты: 6, 3, 4 цифрларын пайдаланып, олар қайталанбаған жағдайда, қанша үштаңбалы сандарды жазуға болады және олар қандай сандар (АЛМАСТЫРУ)?

3 – есептің  шарты: ЭЛЕКТР алты әріп берілсін. Осы алты  әріп бойынша алынған уш әріптен құралған терулер санын есепте (ТЕРУ).

Тапсырма соңында әр топ бақылаушылары қарсы топқа ұпай береді.

Тапсырма 3  Ойлан, жұптас, талқыла. Топтың ішінде екі жұпқа есеп беріліп, шыққан есептің  қорытындысын шығару керек. Топтың бесінші мүшелері тақтада деңгейлеп есеп шығарады.

Деңгейлеп тапсырма беру (тақтамен жұмыс). Топтың бесінші мүшелеріне берілетін есептер:

1. n=9,  m=5 болғандағы терулер санын есепте.
2. a,b,c,d, және l элементтері берілген. Осы элементтерден 4 – тен алынған орналастырулар тобын жазып, санын есепте.
3. 4,3,8,6,1,0 цифрларын пайдаланып, олар қайталанбаған және қайталанған жағдайда қанша үштаңбалы сандарды жазға болады?

Тапсырма 4  Комбинаториканы қолдану. Тақтада  әр топқа слайд арқылы есептер беріледі, топтасып есепті шығару.

1. Орналастыру тобы. Отбасында 6 адам бар, ас үйде үстел басына 6 орындықтан. Әр  кешкі асқа отырарда орындықтарды ауыстырып отыру келісілген. Осылай отбасы мүшелері  неше күн  орындыққа қайталаусыз отыра алады.

2. Алмастыру тобы. Бір ротада 12 ұлан бар.3 ұланнан тұратын нарядқа қанша тәсілмен ұландарды нарядқа қоюға болады?

3. Терулер тобы. АиУ – 201 тобындағы 16 студент арасынан старостаны, оның орынбасарын, редколлегияны және спорттық жұмысқа жауапты 4 оқушыны неше турлі тәсілмен сайлауға болады?

V  Қорытындылау.  Кері байланыс. «Бес саусақ»  әдісі бойынша қорытындылау. Топтарға бес саусақ әдісі таратылады.

1. Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
2. Балан үйрек – бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?
3. ортан терек – ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
4. Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
5. Кішкентай бөбек – көңіл күй. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

VI Үй тапсырмасы.  

VIІ Бағалау. Топ бақылаушылыры жалпы топ ұпайларын шығарып, жеңімпаз топты анықтайды. Студенттерді белсенділігіне байланысты бағалайды.

Бағалау парағы.

     Жоғарғы ұпай – 7 (әр бақылаушы қарсы топқа ұпай береді)

 

Алмастырулар

Орналастырулар

Терулер

Барлық ұпай

Үй  тапсырмасы

 

 

 

 

Фрейімдер модельі

 

 

 

 

Ой толғау

 

 

 

 

Ойлан, жұптас, талқыла.

 

 

 

 

Комбинаториканы қолдану.

 

 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)