Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Махамбет жырларындағы ақынның өз тұлғасы мен Исатай бейнесі

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы қаласындағы

Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ержанова Эльмира Сақтағанқызы

 

Сыныбы:10

Сабақтың тақырыбы: Махамбет жырларындағы ақынның өз тұлғасы мен Исатай бейнесі

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: Ақын поэзиясының мазмұны мен мәнін  ұғындыру, ондағы азаматтық , отаншылдық рухын сезіндіру. Тілдік, көркемдік ерекшелігіне талдау жасата отырып, оқушыларға ақынның өз бейнесі мен Исатай тұлғасын таныту.

Дамытушылық: Оқушыларды өзіндік ізденіске жетелеу, дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға үйрету, сөйлеу мәдениетін дамыту. Патриоттық тақырыптағы өлеңдерін  мәнерлеп оқыту. Әдеби кітаптар оқуға үйрету.

Тәрбиелік: Азаматтық тәрбие беру, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру.

Сабақтың типі:Аралас

Сабақтың түрі: Шығармашылық

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұмыс, ой толғаныс т.б.

Көрнекілігі: Электронды презентация, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка

Сабақтың барысы.

І.  Кіріспе бөлім

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын қадағалау.

2. Үй тапсырмасын сұрау. Тақырыбы: Махамбет-ХІХ ғасырдың  І жартысындағы көрнекті ақын. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жатқа сұрау.

Балалар, үй тапсырмасы бойынша қазақ халқының ірі күрескер ақыны Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімімізді ортаға саламыз.

            Мен сіздердің бүгінгі сабаққа біріңіз әдебиетші, біріңіз тарихшы, біріңіз зерттеуші ретінде атсалысып, Махамбет бабамыздың рухын жоғары көтереді деп сенім білдіремін. Экранға назар аударайық!

Сәйкестендіру тесті

 

  •  

Негізгі оқиғалар

  1.  

Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Жәңгір ханның үстемдігіменКалмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды.

  1.  

Дүниеге келді

  1.  

Қиялымола көтерілісі,Тастөбедегі шайқас

  1.  

Көтеріліске дайындық

1836 жыл

14 сәуір

Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі

  1.  

12 шілде

Дүниеден өтті

  1.  

20 қазан

Көтерілістің жеңіліс табуы, Исатайдың қазасы

  1.  

ЮНЕСКО көлемінде ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтілді

  1.  

Өлеңдері тұңғыш рет жинаққа енеді.

 

  1. 1803 жылы  М. Өтемісұлы Ішкі Бөкей ордасында, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Нарын құмының Жанқұс деген жерінде туған. 

 

  1. 1829 жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып,Жәңгір ханның үстемдігімен  Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды. 1831 жылы түрмеден қашып шығып, Исатай Тайманұлына қосылады.

 

  1. 1833-1836 жылдары Көтеріліске дайындық  жүрді.

 

  1. 1836-1838 жылдары Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды

 

  1. 1836 жыл 14 сәуір күні «Қиялымола көтерілісі», Тастөбедегі шайқас»

 

  1. 1838 жылы 12 шілде күні Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс жеңіліске ұшырады. Исатай ерлікпен қаза таты.

 

  1. 1846 жылы 20 қазанда күрескер ақын 42 жасында дүние салады. Ақынның зираты Атырау облысының Махамбет ауданындағы «Махамбет ойы» деген жерде.

 

  1. 1908 жылы  ең алғаш рет Махамбеттің өлеңдері Қазан қаласында «Мұрат ақынның Ғымырқазы уғылына айтқаны» дейтін жинақта жарық көрген. Ақынның 80-ге жуық өлеңі бар. Мұрасының көбі бізге жетпеген. Оның өлеңдерін шәкірті Қуан жырау жатқа білген екен. Одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген. Одан Ығылман Шөреков жаттаған. Бірқатар өлеңдерін жинаған ақын Шәңгерей Бөкеев.

 

  1. 2003 жылы ЮНЕСКО көлемінде ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіледі.

 

-Балалар, Махамбет Өтемісұлының өмір жолына  «Сәйкестендіру тесті» арқылы қысқаша шолу жасадық. Әрі қарай ақын өміріне қатысты деректерді толықтырам дейтін оқушы болса, біз тыңдауға әзірміз.

1. Қазақ тарихында болған қандай ұлт-азаттық көтерілістерді білесіз?

2. Махамбет өмір сүрген қоғам

3. Махамбет поэзиясының өзегі, негізгі тақырыбы, идеясы

 

«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жатқа сұрау.

 

Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, Махамбет шығармашылығына арналған сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз. Бүгінгі тақырыбымыз: Махамбет жырларындағы ақынның өз тұлғасы мен Исатай бейнесі.

«Махамбеттің халыққа, халық мүддесін қорғаушы жас ұрпақтарға сенуі сонша – ол қандай өмірді басынан кешірсе де, болашақтағы игілік – атар таң, шығар күннен үміт үзбейді.

                                                                                                    Қ.Жұмалиев

 «Бүкіл ХІХ ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей қып жырлаған өзгеше ақын болған емес»

                                                                                                                М.Әуезов

Ал, Фариза Оңғарсынова

 

Махамбет! Махамбет…

Білмеймін, жел ме, сел ме,

Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме…

Әділетсіз дүниенің қабырғасын

Махамбетше сөгер жан кездесер ме…-деп толғанады.

           

Иә, он алты  жасында  Беріш руының жезтаңдай ақыны атанған Махамбетті бүгінгі ұрпақ  кім деп таниды?  Ой бөлісіп көрейік.

 

(Электронды оқулықтан Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін тыңдату)

 

Міне, балалар, ақын өлеңін тыңдап отырып, қандай әсер алдық? Махамбет кім?   Махамбет поэзиясын оқығанда, көз алдымызға қандай тұлға елестеді?  Қане, кім  қалай суреттеп берер екен?                                                                                        

 

(Оқушылар өз ойларын білдіреді)

 

1-оқушы: Мен үшін Махамбет Өтемісұлы – бір ғасырда бір-ақ рет туылатын дара тұлға.

 

2-оқушы: Мен Махамбеттің тұлғасын отты, жігерлі, қайратты, ұлттық рухы биік, хас батыр, дауылпаз ақын  ретінде танимын.

 

3-оқушы: Мен үшін Махамбет тұлғасы елі үшін етігімен су, толарсақтан саз кешкен хас батырдың өзі, Исатайдың сенімді серігі.

           

Мұғалім: Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермеп, отты тілін безеген Махамбет бабамыздың батырлық әрі ақындық тұлғасы өз жырларында қалай көрініс табады? Оқып, талдап көрелік.

«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқып, идеясын ашу,өлеңнен сөз тіркестерін табу.

 

Ереуіл атқа ер салмай

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске салмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай.

Темір қазық жастанбай.

Қу толағай бастанбай

Ерлердің ісі бітер ме?!

 

Бұл өлеңде ақын тек халқына рух беріп, намысын    қайрап, күреске шақырады. Сөз тіркестері: ереуіл атқа, егеулі найза, алты малта ас, тебінгі жер, түн қатып т.б.

 

Махамбеттің өзі туралы жырлаған өлеңдерін атау:

1.         Мен, мен, мен едім

2.         Менің атым-Махамбет

3.         Мен-кескекті ердің сойымын

4.         Әй, Махамбет жолдасым

5.         Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны

6.         Ұлы арман

7.         Мұнар күн  т.б.

 

«Мен, мен, мен едім» өлеңін оқи отырып, өлеңнің астарына үңілу,  мұндағы

 «МЕН-нің» мағынасын ашу.

 

Мен - мен едім, мен едім!

Мен Нарында жүргенде

Еңіреген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім.

Ерегіскен дұшпанға

Қызыл сырлы жебе едім.

Жақсыларға еп едім,

Жамандарға көп едім.

Ерегіскен дұшпанның

Екіталай болғанда

Азыққа етін жеп едім.

Хан баласы ақсүйек -

Ежелден табан аңдысқан

Ата дұшпан сен едің,

Ата жауың мен едім.

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Етектен кесіп жең болмас!

Хан баласы ақсүйек -

Байеке сұлтан сен болып,

Сендей нарқоспақтың баласы,

Маған оңаша жерде жолықсаң,

Қайраңнан алған шабақтай

Қия бір соғып ас етсем,

Тамағыма қылқаның кетер демес ем.

 

Махамбет өлеңдерінде «Мен» сөзі жиі қолданылады. Ондағы «Меннің» мәні ерекше. Бұл өлеңдегі «Меннің» астарында мол сыр бар. Мағынасы терең. Мұндағы «Мен»-Махамбеттің бүкіл болмысы, Махамбетттің күрескерлік әлемі, Махамбеттің батыр жүрегі. Осы «Мен» арқылы оның ісі, күрескерлігі, ерлігі, елге деген махаббаты, елдің тәуелсіздігіне деген жауапкершілігі, дұшпанына деген ыза-кегі көрінеді.

 

МЕН – мақсаты анық, мұраты айқын, ойы нық болмыс.

МЕН – елін  Еділдің бойы ен тоғайға қондырсам деген асыл арман иесі.

МЕН – кескілеспей басылмайтын, боз ағаштан биік батыр.

МЕН – ойшыл, дана. Елі мен жері үшін мазаланған тұлға.

МЕН –ғұмыры күйзеліспен, құсалықпен өткен жан.

 

                  Мен-кескесті ердің сойымын

Мен-кескекті ердің сойымын,

Кескілеспей басылман.

Алдыңа келіп тұрмын деп,

Ар, намысым қашырман.

Байеке, сұлтан, ақсүйек,

Қыларың болса, қылып қал,

Күндердің күні болғанда

Бас кесермін, жасырман!

 

Мен-тауда ойнаған қарт марал

Табаным тасқа таяр деп

Сақсынып шыққан қиядан.

 

Мен- бір шарға ұстаған қара балта едім.

 

Мен-ақсұңқар құстың сойы едім

 

 

Махамбеттің асқар таудай аға тұтып, ерге тірек, халыққа көсем санаған, аруағын ардақтап өткен адамы – Исатай.

 

            Махамбетің Исатайға арналған өлеңдерін атау

 

  1. Тайманның ұлы Исатай
  2. Исатай деген ағам бар
  3. Тарланым
  4. Мінкен ер
  5. Мұнар күн
  6. Ұлы арман
  7. Біртіндеп садақ асынбай
  8. Ереуіл атқа ер салмай
  9. Арғымаққа оқ тиді
  10. Мінгені Исатайдың ақ табан-ай
  11. Исатай сөзі
  12. Арыстан одан кім өткен?  т.б.

 

(«Тарланым», «Арыстан одан кім өткен,,,», «Мұнар күн»  өлеңдерін мәнерлеп оқытып,  мазмұны мен мәнін ашқызу)

 

Акын әсіресе "Тарланым” деген өлеңінде алуан сөз образдарын қолдана отырып, Исатай батырдың сом тұлғасын жасаған. Ең алдымен, Исатайды кол жетпес "таудағы мұнартып ұшкан тарланға” балайды. Акын оның арыстандай кайратты тұлғасына орай көркем сымбатын: "Кермиығым, кербезім, керіскендей шандозым... Қырмызыдай ажарлым”,— деп суреттейді. Исатайдың сыртқы сүлу пішінімен бірге, "теңіздей терең ақылдым, тебіренсе ауыр мінездім” деп, оның сабырлы, ойлы, парасатты жан екенін, тек батыр ғана емес, "хиуадай базарлым” деп, сері екенін де көрсетеді. Оның ақбөкендей ойнаған ақтабан аты да, асынған қаруы да акын назарынан тыс қалмайды.

"Арыстан одан кім өткен?!” Махамбет ел үшін еңіреген ерді аңсаған, соған бар ақындық жүрегін арнаған. Ол: "Асыл ердің баласы, жауды көрсе шыдамай, көзін салар қияға”, — деп, бүкіл поэзиясына ерлікті ту етті. Ақын оның ерлігін "Арыстан еді-ау Исатай, бүл фәнидің жүзінде, арыстан одан кім өткен?!” — деп суреттейді. "Соғыс” деген өлеңінде "жау бір өрттей қайнаған”, жұрт оққа ұшып, оқ қардай борап тұрған сұрапыл ұрыстағы Исатай батырдың қимылын былай суреттейді:

Қабырғасын  қақыратқан,

Тебінгісін тесе атқан,

Тізгінінен кесе атқан,

Біздің кайсар батырдың

Жүрегін сөйтіп оятқан...

 

Махамбеттің Исатайды соншама дәріптеуінің негізгі түйіні — "қызғыштай болған есіл ердің” тек ерлігінде не жолдасты тастамайтындығында ғана емес, сол ерлікті патшаға, ханға, билерге қарсы, еңбекші бұқараны жауыздардың қанды шеңгелінен босату үшін жұмсағандығында. Махамбет Исатайды халық үшін белдескен ер, батыр, ел басшысы, қамқоры етіп суреттейді.

Исатай өліміне ақын қабырғасы қатты қайысады.

Исатай қазасына байланысты өлеңдерінде де ақын оның бейнесін тереңдеп аша түседі. "Мұнар күн” — Махамбеттің батыр өліміне арналған классикалық шығармаларының бірі.

Өлең "Мұнар да, мұнар, мұнар күн” деген жолмен басталады. Күн неге мұнар тартқан? Бойың мұздап кеткендей, "мұнар күн” бір сұмдықтың хабаршысындай, не боп қалды? "Буыршын мұздан тайған күн”. Жаңағы сезімің одан әрі ұлғаяды. Табаны бұдырлы буыршын мұзға тайса, ол — жақсылық емес. Ақын осындай поэтикалық қарама-қарсы өрнектер аркылы окушысын алға жетелейді, оны үлкен бір оқиғаға әзірлейді, көңіліне қайғы бұлтын ұялатып, өзінің негізгі ойына алып келеді.

Махамбет Исатай қазасын бүкіл ел қазасы ретінде көрсетеді. Ақынның: "Ағайынның басы еді, алтын ердің касы еді. Исатайды өлтіріп, қырсык та шалған біздін ел”, "серкесінен айырылып, сергелдең болған біздің ел” деуі де содан. Өйткені Исатай — ел басшысы. Исатай бейнесі ақын жырларында асқан көркемдікпен, шеберлікпен өрнектелген. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетте адам образын сомдауда Махамбет тамаша шеберлік танытқан.

 

Махамбет жырларының құрылысына,  көркемдік ерекшелігіне талдау

 

Махамбеттің жыр еткен тақырыбы ерлік, халықты ерлік қимылға үндеу. Сондықтан жайма-шуақ жәй кездегі көңіл күйін көрсетуге қолайлырақ келетін 11 буынды өлеңдерден гөрі, қимыл, әрекетті, алыс-жұлыс, жортуыл тәрізді өмір құбылыстарын суреттеуге лайықты жыр ағымы, 7-8 буын аралас келетін өлең ырғағы оған анағұрлым ыңғайлы тәрізді.

Он бір буынды-Махамбетте бір-ақ өлең. "Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай". Басқа өлеңдерінің бәрі де не 7 мен 8 буыннан, не таза 7 буын болып келеді.

Махамбет өлеңдерінде (11 буынды, қара өлең ұйқасымен келетін бір-ақ өлеңін есепке алмағанда) үш түрлі ұйқасты кездестіреміз: шұбыртпалы, кезекті, ерікті ұйқастар. Ақын көбінесе шұбыртпалы ұйқас пен ерікті ұйқасты көбірек қолданады. Өйткені бұл екі ұйқастың екеуі де ақынның айтайын деген ой-пікірін дәл беруге ыңғайлы, белгілі бір заңды өлшеуге бағынған шумақты, ұйқасты өлеңдерден шеңбері тарлық етпейтінге ұқсайды.

 

 

Ақын өлеңдерінің тілі

стилі

құрылысы

Толғау

1. Халықтың сол кездегі сөйлеу тілі

2. Бұқар өлеңдерінің таңбасы

3. Эпос тілі

1. Шұбыртпалы

 2. Кезекті

3. Ерікті

 

 

  1. Шұбыртпалы ұйқас:

Беркініп садақ асынбай,

Біріндей жауды қашырмай,

Білтеліге доп салмай,

Қорамсаққа қол салмай,

Қозы жауырын оқ алмай…

. . . . .

Ерлердің ісі бітер ме?

  1. Кезекті ұйқас:

Аспандағы боз торғай,

Бозаңда болар ұясы.

Бозаның түбін су алса,

Қайғыда болар анасы.

Қара лашын, ақ тұйғын,

Қайыңда болар ұясы.

Қайыңның басын жел соқса,

Қайғыда болар анасы.

  1. Ерікті айнымалы ұқсас:

Алты күндей алаулап,

Он екі күндей ой ойлап,

Ақылды алпыс жаққа шаптырып,

Ақыл жөнге келгесін,

Толғай-толғай жүгірген,

Топырақты суырған.

Ертеңнен салса кешке озған,

Қой мойында көк жұлын.

Томаға көзді қасқа азбан

Көк жұлынды жетелеп,

Қисық жерден төтелеп,

Қабырға, қол сөгіліп,

Арғымақ ат бүгіліп…

Ақыретті жанға байланып,

Талай жүрдік далада

Әділ жаннан түңіліп.

 

Махамбет поэзиясының тілі-шын мәнінде халықтық тіл. Ақын өз кезіндегі қазақ халқының тіл байлығынан қажетінше ала да, оны өзінің керегіне жарата да білген.

 

Махамбет шығармаларының тілі әрі көркем, әрі образды, әрі өткір, әрі күшті болуымен қатар, әр сөзі орынды, әр жағдайдың өзіне лайықты, соған тән болып келеді. Оның тілдерінің күштілігі, көркемдігі мазмұнға бағыныңқылығында. Мысалы:

Мұнар да, мұнар, мұнар күн,

Бұлттан шыққан шұбар күн.

Буыршын мұзға тайған күн,

Бура атанған шөккен күн,-

деген үзіндідегі "мұнар", "шұбар" деген эпитеттерді алсақ, бұл эпитеттердің батырлардың өз бастарына және ел басына түскен ауыр халдерін суреттеп беруге үлкен мәні бар. Хан мен билердің ел басына туғызылған қара күнін, басқа күндерден айрықша көрсету ушін, ақын сол күннің бейнесінде оқушыларының көз алдына елестету үшін "күн" деген сөздің алдына, "шұбар", "мұнар" деген эпитеттерді қолданған.

Махамбет өлеңдерінде эпитет, теңеу, әсірелеу, литота, ауыстыру мағынасында қолданылатын фигура өзара байланысты түрде де жиі ұшырайды. Бұлардың өзара байланыстары ақынның сөзге шеберлігін дәлелдейді. Бұл жағынан алып қарағанда да Махамбеттің көркем сөз ұстасы екендігінен ешкім шек келтіре алмайды. Мысалы:

Кермиығым, кербезім!

Керіскендей шандозым!

Құландай ащы дауыстым!

Құлжадай айбар мүйіздім!

Қырмызыдай ажарлым!

Хиуадай базарлым!

Теңіздей терең ақылдым!

Тебіренбес ауыр мінездім!- деген үзіндіде метафора, теңеу, эпитет бір-бірімен байланысып келетінін көреміз. Мұндағы образдар шебер қолданылған.

«Мұнар күн»  өлеңіне кешенді талдау

 

Шумағы:

Тармағы

Буыны:

Ұйқасы:

Өлеңдегі бейнелі сөздер:

 

Халел Досмұхамедұлы Махамбетті «алып ақын, домбырашы» десе, 1937 жылы Мұхтар Әуезов «Махамбет әрі батыр, әрі ақын-жырау, әрі домбырашы» деп жазған.

Махамбет күйлері бүгінгі күнге дәл өзінің тағдыры секілді қиыншылықтармен жетті. Махамбет күйлерін іздеп тауып, оны ғылыми айналысқа түсірген ғалым Нәубет (Нығмет) Көшекбаев.

 

«Жұмыр-Қылыш» күйінің шығуы:

Исатай өлгеннен кейін жалғыз қалған Махамбет тағы да күш  жинап, ханнан кегін алу үшін Жайық бойындағы Байбақты еліне барады. Ол  жақта Жұмыр (шын аты Садыр) және Қылыш деген батырлармен кездесіп, жолдас  болады. Жасырынып жүрген, жанына екі батырды ерткен Махамбет Байбақты ауылы-ның төрелерімен отырған Баймағамбет Айшуақовтың үстінен түседі. Баймағамбет сұлтан  Махамбетті  ұстауға  әрекет жасайды. Сол кезде  Жұмыр мен Қылыш оны арашалап, ұстатпай, топтан аман алып  кетеді. Махамбет осы  оқиғаға байланысты «Жұмыр – Қылыш» күйін екі батырға арнаған.

 

Махамбеттің күйлері: «Қайран, Нарын»,  «Жұмыр-Қылыш», «Өкініш», «Қиыл қырғыны»,  «Жайық асу»,  «Исатайдың Ақтабаны-ай»,               «Шілтерлі терезе»

 

«Жұмыр қылыш» күйін тыңдату

М. Шаханов «Әке үкімі»

Қорытынды бөлім.

1-оқушы. Махамбет-реалист ақын.

Хан емессің, қасқырсың,

Қас албасты басқырсың.

Достарың келіп табалап,

Дұшпаның сені басқа ұрсын!

 

Ақын бұл өлеңінде Жәңгір ханның зұлымдығын бетіне басады, шындықты бейнелі көркем образ арқылы жеткізеді.

 

2-оқушы:  Махамбет-өр рухты батыр ақын

Мен кескекті ердің сойымын,

Кескілеспей басылман.

Алдыңа келіп тұрмын деп

Ар-намысым қашырман! 

 

3-оқушы: Махамбет-сыршыл ақын

Қош аман бол, жолдасым,

Бұ дүниенің жүзінде

Осы болар сені көргенім.

Қапыда өткен дүние-ай

Ақырында еш болды-ау

Ел үшін еткен еңбегім!

 

4-оқушы: Махамбет-күрескер ақын

Ереуіл атқа ер салмай

Егеулі найза қолға алмай

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай

Қасарысқан дұшпанға

Қанды көбік жұтқызбай

Ерлердің ісі бітер ме?

 

Махамбет Өтемісұлы туралы жазылған әдеби шығармалар:

 

  1. Н. Шөреков «Исатай-Махамбет» поэмасы
  2. М. Шаханов «Нарынқұм трагедиясы»
  3. М. Ниеталиев «Арыстан еді-ау Исатай» поэмасы
  4. Ф. Оңғарсынова  «Алмас қылыш»
  5. Т. Әлімқұлов «Қараой» әңгімесі
  6. Ә. Әлімжанов «Махамбеттің жебесі»

           

Бір тамшы ой. Мен бүгінгі сабақтан не түйдім?

 

Үйге тапсырма.

  1. Тақырыпты оқу
  2. «Тарланым», «Мұнар күн» өлеңдерін жаттау

 

Оқушы білімін бағалау


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз