Наурыз құт әкелсін

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы
«Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі
Жұмабаева Катира Тилеухановна

Мақсаты: Балалардын сөздік қорын дамыту. Қазақтың салт-дастүрін көрсету құрметтеуге мейірімді, қамқоршы болуға тәрбиелеу. Балалардың өз еліне жеріне, туған халқына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, ата-бабамыз қолданған тұрмыстық бұйымдардан таныстырып, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Сазды қимыл-қозғалыс арқылы баланың денсаулығына, дене түзілісінің дұрыс жетілуіне назар аудару, ұлттың ойындарды қолдана отырып халықтың тәрбиесіне бала бойына сіңіру бір-біріне деген белсенділіктерін арттыру, ептілікке батылдыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу.

Балаларды өз еліне, жеріне туған халқына деген сүйіпеншілік сезімін ойатып, ата-бабалыры мыз қолданған тұрмыстық бұйымдармен таныстырып, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Киіз үй, тай қазан, күбі, келі, Наурыз көженің керекті заттары, саморын, казан ошақ, аттар, асықтар, домбыра, қазактын ұлттык тағамдары.

Музыкамен «Бүлдіршін» тобының сәбилері қол шапалақтап залға кірді. Жүргізуші:

- Армысың, қайырымды аспан ата!

- Армысың, мейірімді жер- ана!

- Армысың, шұғылалы Алтын күнім!

- Армысың, балабақша, дос- жараным!

- Армысың, еңселі елім менің!

- Армысың, бақ- даулетті жерім менің!

- Армысың, асқар тауым, көлім менгің!

- Армысың ардақты ата, асыл әже!

- Армысыңдар ата- аналар мен қонақтар!

- Армысындар «Қарлығаш» балабақшасының ұжымы!

Құрметті ата-аналар, қонақтар бүгінгі біздің бүлдіршіндеріміз. «Наурыз құт әкелсін» ертеңгілігін сіздерге тарту етпек. Бүлдіршіндерді қолдап, қол соғып отыруларыңызды өтінемін.

Бүлдіршіндерім менің бір біріңмен төс қағыстырып «Наурыз» мерекесімен кұттықтап орындарымызға жайғасып отырайы.

(Балалар бір-бірімен кұшақтасып көріседі.)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)