ozgetil.kz

Төлен Әбдіков «Қонақтар»

Пәні:қазақ тілі

Сыныбы: 7

Мұғалім: Касенова Асемкул Мусабаевна

Қатысқаны

Қатыспағаны

Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар»

Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқу мақсаты

ТЖ1. Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөліктерін талдау

АИ 1. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру

БС3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Құндылықтарды игеру

Зайырлы қоғам мен жоғары руханият

 

 

 

 

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады

Шығарманың сюжетін еркін баяндайды, кейіпкерлерді салыстырады, эссе жазады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Шығармадағы берілген ақпараттарды пайдаланып, кейіпкердің бейнесін талдай алады

Кейбір оқушылар орындай алады

Көтерілген мәселеге өзіндік баға бере алады. Берілген талаптарға сай эссе жаза алады.

Ойлау деңгейлері

Түсіну, талдау, жинақтау

Алдыңғы оқу немесе бастапқы білім

Темірхан Медетбек «Тәуелсізбін»өлеңі

Оқушылардың алдыңғы білімді пысықтау мақсатында  сұрақтар қоямын.

С а б а қ т ы ң   б а р ы с ы

Кезеңдер/уақыты

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Бағалау

 

 

 

 

Сабақ

тың басы

 

 

 

 

 

 

 

1.Ұйымдастыру.

Түстер арқылы топқа бөлу.

«Арман» тобы – ақ түс

«Сағыныш» тобы – сары түс

«Үміт» тобы – көк түс

 

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Жүректен-жүрекке» тренингі арқылы  әр топқа бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.

 

Қызығушылықты ояту.

Отбасы туралы мақал-мәтелдер  жарысын ұйымдастыру.

  1. Отан отбасынан басталады.
  2. Балам-балым, баламның баласы-жаным.
  3. Атаның көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

 

  1. Ата баланың қорғаны.
  2. Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

А4 қағазы, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар бір-біріне тілек айтады

 

Отбасы туралы мақал-мәтелдер айтқызу.

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

Тақырыбы:Төлен Әбдіков «Қонақтар»

1)Төлен Әбдіковтың өмірімен,шығармашылығымен таныстыру.

Төлен Әбдік 1942 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, “Еңбек” ауылында туған — жазушы, драматург, қоғам қайраткері.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1965). “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, “Жалын” альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977 — 79 жылы “Қазақфильм” киностудиясының бас редакторы, “Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағына 2-хатшысы болды. 1994 . ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 1997 жылдан ҚР Президенті аппаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды .Сонан бергі кезеңде “Көкжиек” (1969), “Күзгі жапырақтар” (1971), “Ақиқат” (1974), “Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары, Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге ар-налған “Өліара” (1985), “Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді. “Біз үшеу едік” атты драма шығармасы Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрында қойылды. “Ақиқат” атты кітабы орыс тіліне (1981), жекелеген әңгіме, повестері  украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланды. Әбдіков шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философия тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді.
 

2)Оқулықпен жұмыс.

Топтарға тапсырма беру
1-тапсырма. Топтық жұмыс.

 «Джигсо-1» әдісі. Постер қорғау.

 

-«Арман» тобы- «Ерғабыл мен кемпірінің балаларының келуін күтуі» (шалдың ой-толғаныстарына, баласына деген сағынышы мен үмітіне тоқталу керек)

 

-«Сағыныш» тобы – «Сапабектік келуі» (Ерғабылдың қуанышы, ауылдастарының жиналуы, Сапабектің әңгімесі, Ерекеңе баласының әңгімесінің ұнамауы)

 

-«Үміт» тобы – «Қонақтардың аттануы»(Ерекеңнің туған жер, ата-баба, өмір, баласы туралы ой-толғаныстары, арманы, Сапабектен күткен үміті)

Тапсырма: Берілген мәтіндегі эпизодтарды оқып түсіну. Постер қорғау.

 Дескриптор:

-оқушылар әңгіменің мазмұнын түсінеді;

-берілген эпизодтар бойынша постер қорғайды;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бас.Жүрек.Қол» кері байланысын орнату. Баспен оқиғаларды түсініп оқыды, жүрекпен сезінген эмоцияларын айтты, қолмен тапсырмаларды орындағанын көрсетті.

 

Сабақ-

тың ортасы

 

 

 

 

2-тапсырма. . Жеке жұмыс. «Тірек мәтін» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап береді, тақырыпқа тірек конспектісін жазу.

  1. Баласын күткен қарттардың өзара тәжікелесуінен нені ұқтыңдар?
  2. Кемпірдің баласының қолына барып тұрғысы келуінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
  3. Ерекең баласының қолына баруға неге қарсы?
  4. Сапабек ауыл адамдарының алдында өзін қалай ұстады?
  5. Келіні Томаның қылығы: отырысы, шай құюы,киім киісі туралы не айтар едіңдер? Қайда өскендігін аңғардыңдар?
  6. Қарттың ендігі үміті кімде еді? Ол үміті қалай үзілді?
  7. Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесіңдер?
  8. Әңгімеде автор қандай мәселені көтеріп отыр?

Дескриптор:

-Сұрақтарға өз ойларын дәлелдермен жауап береді;

- тірек конспектісін жазады;

Сұрақтар жазылған интербелсенді  тақта, смайликтар

Әр ұтымды айтылған жауапқа смайлик табыстаймын

 

3-тапсырма.. Топтық жұмыс.

Тапсырма: Әңгімеден  кейіпкерлерді сипаттаған жолдарды табу, басқа оқушыларға түсіндіру.

Дескриптор:

-оқушылар кейіпкерлерді сипаттаған жолдарды табады;

-тапқан ақпараттарды сипаттап айтады

4-тапсырма.. Топтық жұмыс

Тапсырма: Әр топқа түрлі кестелер беріледі. Шығарма кейіпкерлерін кестеге салып, салыстыр. Жеке қасиеттерін,құндылықтарын, ортақ тұстары мен қайшылықтарын тап.

. «Салыстыру кестесі» .

«Арман» тобы

Кейіпкерлер

Іс-әрекеті

Адамгершілік қасиеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сағыныш» тобы

Ерғабыл қарт               Сапабек

(Венн диаграммасы)

 

«Үміт тобы»

Кейіпкер

Өмірге қызығушылығы

Бойындағы қасиеті

Кейіпкерге берілетін баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

-шығарма кейіпкерлерін толық салыстыра суреттейді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кестелер. Бағалау парағы

«2 жұлдыз, 1 тілек» арқылы кері байланыс беріледі

 

 

 

 

 

 

 

 «Плюс, минус, қызықты» әдісі арқылы кері байланыс орнату.

+не жақсы болды?

-қандай кемшіліктерді байқадың

?

Не қызық болды

?

Сабақтың соңы

 

5-тапсырма. .Жеке жұмыс. Шығармашылық жұмыс.

Тапсырма:

 «Ата-ананы сыйлау – адамзаттың парызы»

«Қарт адам- қазына» тақырыптарының біріне эссе жазу.

Эссе төмендегідей талаптарға сай құрылу керек:

  • Эссе 50 сөзден тұру керек
  • Тақырып ашылу керек
  • Өзіндік ой қорытындысы болу керек

Дескриптор: Берілген тақырыптардың біріне талапқа сай әдеби эссе жазды.

Жұмыс дәптері

Бағалау парағы.

«Таңдау» әдісі.

Кері байланыс

-Мен сабақ қызықты, қызықсыз өтті деп ойлаймын.

-Мен сабақта көп нәрсені үйрендім, үйренгенім аз болды.

-Мен басқаларды мұқият, зейінсіз тыңдадым.

-Мен пікірсайыстарға жиі, сирек қатыстым.

-Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын, риза емеспін.

Ынтаны білдіретін сөздердің астын сыз.

Рефлек сия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі бойынша

-Мен бүгін білдім....

-Мен бүгін сезіндім...

-Мен келесі сабақта білгім келеді...деген сөйлемдерді аяқтап жазады.

Үйге тапс.

«Қонақтар»әңгімесін оқу

Қосымша ақпарат

Төлен Әбіковтың қосымша шығармаларын оқу

Саралау

«Графикалық органайзер» әдісі бойынша бірнеше сөздің мағынасын айқындау



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)