Өлеңдер бөлімі

Натурал көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы. Қосындының, көбейтіндінің, бөлшектің туындысы

Пән: Математика

Сабақтың тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы. Қосындының, көбейтіндінің, бөлшектің туындысы

Сабақтың мақсаты: Туындыны табу ережелерін пайдалана отырып, есептер шығаруға машықтандыру, алған білімдерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу.

Білімділік: Туынды табу ережелерін, яғни қосындының, көбейтіндінің және бөліндінің туындысын табу формуласын және дәрежелік функцияның туындысын табуды меңгерту.

Тәрбиелік: Студенттерді  жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Дамытушылық: Студенттерді өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту, есте сақтау, ой - өрісін дамыту, өмірдегі көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыта оқыту.

Құзыреттілігі: Математикалық білімнің кәсіби мамандыққа бағытталуы дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін, өздігінен шешім қабылдайтын, нарық заманында өмір сүріп, адал еңбектенетін, бәсекелестікке қабілетті болу. Өз еркімен ойлау қабілетін дамыту, түйіндерді шеше білуі, бағалау қабілеттілігін дамыту.                                                                                                                                              Ұдайы кәсіби деңгейінің өсуіне, жаңа білімді игеруге дайын болу, жаңа ақпараттық дамыған қоғамда белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайын болу.

Күтілетін нәтиже:                                                                                                                Студенттердің түсінуі тиіс: Туындының қосу, азайту, көбейту және бөлу ережелері мен формуласын

Студенттердің құндылық бағдары болуы: Теориялық білімдерін жүйелей біледі, oйларын еркін жеткізеді.                                                                                                                          Студенттер жасай біледі: Формулаларды қолданып есептер шығарады.

Топтық жұмыс арқылы студенттер арасында жақсы қарым-қатынас орнайды, белсенді жұмыс істеуге дағдыланады.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиет, информатика

Кешендік оқу-әдістемелік жабдықтар: стикер, 10-сынып «Алгебра және анализ бастамалары» оқулығы, бағалау парағы, «Туынды формуласы мен ережелері» тақырыбына буклет, интерактивті тақта, рефлексияға қажет телефон шаблоны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың құрылымы:                                                                                                          I. Ұйымдастыру кезеңі:                                                                             2 мин

  1. Сәлемдесу.
  2. Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру
  3. Сабақтың құрылымымен таныстыру.
  4. Топты төрт топқа бөлу.

II. Тірек білімдерінің өзектілігі.                                                              5 мин

«Қайталау - оқу анасы».

III. Білімді жалпылау және жүйелеу.                                               15 мин

IV. Білімді пысықтау.                                                                               16 мин

1. «Еңбектің наны тәтті...»

2. «Пеште не пісіріліп жатыр?»

3. «Математика мен асхана»

4. Бейнежазба көрсету

5. «Кім жылдам?» (резервтегі тапсырма)

V. Сабақты қорытындылау                                                                      3 мин                               Білімді жинақтау.                                                                                                        Білімдерін бағалау                                                                                                                                         VI. Үй тапсырмасы.                                                                                    2 мин

VII. Рефлексия                                                                                             2 мин

 

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:                                                                     

1. Сәлемдесу.

2. Сабақтың мақсаты және міндеттері.

3. Сабақтың құрылымын таныстыру.

Эпиграфты оқу.

Эпиграфпен таныстыру:

«Адамның алдында ақылға апаратын үш жол бар:

Ұқсау жолы, бұл – ең жеңілі,

Ойлау жолы, бұл – ең жақсысы,

Жеке ізденіс жолы, бұл – ең жауаптысы» әркім өзі қалаған жолымен жүретіні анық, алайда жауапты болуға үйренген абзал.

Топты төрт топқа бөлеміз:  

II. Тірек білімдерінің өзектілігі.                                                           

«Қайталау - білім анасы» үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақты еске түсіру

Үй жұмысына тест тапсырмалары берілген. Тек нұсқаларды ғана белгілеп қоймай, есептерді шығару жолын көрсету керек.Студенттер дәптерлерімен алмасып, интерактивті тақтада көрсетілген дұрыс жауаптармен тексереді.

  •  
  1. Функцияның туындысын табыңыз. f (x)= 2x

А) 2     В) 4x    С) 2x2     Д) 4     Е) x2

  1.  f (x)= x3 функциясы берілген. f′ ′(x) =?

А) 3     В) 3x     С) 3x2   Д) 0       Е) x

  1.  f (x)= 13x2 – 7x + 5 функциясының туындысын тауып, f′ ′(1) мәнін есептеңіз

А) –19    В) 21    С) 19    Д) -10    Е)15

4. f (x)= 2x2 - 8x + 1 функциясы берілген. f′ ′ (0) мәнін есептеңіз.

А) -4 В) 3 С) 2 Д) -8 Е) 0

III. Білімді жалпылау жән жүйелеу

Білім деген биік шың            

Бақытқа сені жеткізер                  

Білім деген ақылшың                  

Қиындықтан өткізер – деп бүгінгі сабағымызды бастайық..

IV. Білімді пысықтау.

Тақырыпты бекіту үшін сайыс түрінде сабағымызды жалғастырайық. Сабағымыз қызықты өтуі үшін ойын ретінде өткіземіз. Сіздер аспаз болғандықтан асхана, тағамдар туралы білімдеріңізді жетілдіру мақсатында мамандықты математикамен байланыстыруды жөн көрдім. «Туынды кондитерлік» дүкені өзіне өнімдер тасымалдайтын серіктес іздейді. Төрт топ кондитер өнімдерін дайындайтын фабрикалар болады.Сабақ қорытындысы бойынша үздіктер таңдалады. Олай болса іске сәт!

  1.  «Еңбектің наны тәтті...»

Интерактивті тақтада берілген тапсырманы кезек-кезек шығып орындайды.

  1. «Пеште не пісіріліп жатыр?»

3. «Математика мен асхана» кезеңі.

Төрт  топ дайындап келген сөзжұмбақтары немесе ребустарымен өзара алмастырып шешеді

4. «Туынды» тақырыбын жеңіл түрде түсініп қана қоймай, есте сақтау үшін бейнежазба көрсетіледі.

5.«Кім жылдам?» (резертегі тапсырма)

Тақырыпқа шолу.

V. Сабақты қорытындылау                                                                                         Білімді жинақтау.                                                                                                        Білімдерін бағалау                                                                                                      

VI

. Үй тапсырмасы: кітаптан 118-беттегі «Күрделі функцияның туындысы» тақырыбы бойынша конспект жасау

VII. Рефлексия Кері байланыс, студенттердің сабақты қалай түсінгендері және қалай қабылдағандары бойынша үлестірілген ұялы телефон шаблондарынан мұғалімге  хат жазу керек


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз