Өлең, жыр, ақындар

Біз көңілді баламыз!

Жамбыл облысы Меркі ауданы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту және бейімдеу орталығының
психологы: Турсынбекова Зауре Азизбековна

Мақсаты: «Бақыт», қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру.
Міндеттері: адами қасиеттерін дамыту; сүйіспеншілікке тәрбиелеу; бақыт құндылығының мазмұнын ашу.
Көрнекі құралдар: айна, фломастерлер, ақ парақтар, жер шары суреті, қима суреттер, жүрек шамы.

Сабақтың барысы:
І. Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Психолог: «Құрметті ұстаздар, балалар! Біздің бүгінгі «Біз көңілді баламыз» сыныптан тыс іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол - балалық шағы. ¥йқысы қанық, қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайталанбас сағынышқа толы кезеңі - бақытты балалық шақ, дей келе, «Біз көңілді баламыз» атты іс-шарамызды ашык деп жариялаймыз!

Шаттық шеңбері:

- Балалар, біз өзіміздің дәстүрлі шаттық шеңберіне жиналдық.
Біздің шеңберіміз қандай тамаша! Бізді достық пен сүйіспеншілікке шақыратындай.
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

Релаксация.
1,2,3 Көздеріңді жұмуға болады (баяу музыка).
Психолог: «Сендер ғажайып әлемге келдіңдер. Жан-жақтарыңа қараңдаршы, қандай керемет! Айнала жұпар иісі аңқыған әсем гүлдерге толы.

Сендердің көңіл-күйлерің өте жақсы, жүздерің күліп, тамаша сезімге бөленіп отырсыңдар. Алдарыңнан күн күліп, менің әлеміме қош келдіңдер, балақайлар! Сендер өте көңілді балалар екенсіңдер. Қане, алақандарыңды жайыңдар, мен сендерге жылы шуағымды сыйлаймын, - дегендей. Бұл сәулені мәңгілік жүректеріңе сақтаңдар. Өйткені ол сендерге қуаныш пен ерекше көңіл күй сыйлайды».  
Әңгімелесу.
- Не көрдіңдер?
- Не сезіндіңдер?
- Не ұнады?

- Қандай әлемді араладыңдар? - деп ойлайсыңдар?

 Дәйексөзді талқылау.

«Меніңше, адамның ең бір үлкен бақыты – күресе білу, қуана білу, жұмыс істей білу және басқалардан қалыспай, өмірге ілесе білу».

Ресей ғарышкері Валентина Николаевна Терешкова

(Балалардың ой-пікірлері тыңдалады).

II. Ой қозғау.

Қазір біз сендермен бейнефильм көреміз. «Теке мен қошқар» деп аталады.

- Теке не деп сұрады?

- Бақыт деген не?

Олай болса біздің ғажайып әлеміміз «Бақыт әлемі» деп аталады.

Ал енді теке мен қошқар үшін бақыт деген не? – деп ойлайсыңдар?

Балалар өз пікірлерін білдіреді.

- Көк шөп, таза ауа, мейірімді қожайын, тұнық су, еркіндік.

III. Психологиялық жаттығулар.

«Сілкіп таста» жаттығуы.

Мақсаты: денедегі қысымнан арылту, босаңсу, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Психолог: Мен сендерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін.  Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер. Осы сәтте өздеріңді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңдер. Аяқтарыңды саннан тобықққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүк түсті. Сен біртіңдеп сергек, көңілді болудасын, көңіл күйін жақсарды. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңдар: мен ақылдымын, менің жаным тыныш, мен қиындықтан қорықпаймын, мен көңілдім, менің қолымнан көптеген жақсылық келеді, маған сенімділік күш береді, мен бәріне де дайынмын.

«Сиқырлы таяқша» жаттығу.

Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық.

Жағымды

Жағымсыз

Мейірімділік

Өтірік айту

Жан ашу

Өшпенділік

Сыпайылық

Кек сақтау

Даналық

Тіл алмау

Әр жағымсыз қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам ол – үнемшіл. Төбелесу – біреуге қол ұшын бері. Енді осы жағымсыз қасиеттердің де өзіндік жақсы жақтары болады, соны айтайық.

Рефлекссия: Көңіл күйіңіз қандай?

IV. Келесі мына фильмді тамашалайық. Бейнефильм көру «Бақыт құсы».

- Жігіт нені іздеп жолға шықты?

- Бақыт деген не?
- Сендер өздеріңді қай кезде бақытты сезінесіңдер?
- Жақсы, балалар, өмірде қуанышты сәттерің көп болды ма?

Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толады. Қасында жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен әрбір батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді.

("Бақ алдымен адамның аяғына қонады. Аяғын түзу алып жүрген адамның беліне қонады. Белін бұлғамаған адамның кеудесіне қонады. Кеудесін көтермеген адамның маңдайына қонады. Маңдайдағы бақытты бағалай білген адамның басында "Бақ" мәңгі қалады!" ).

Ол үшін ең алдымен бақыттың қонатын тұстарын тұспалдап алайық. Бақыт адамға төменнен жоғары қарай қонады дейді. Ол былай:

Ең алдымен бақыт – аяққа қонады. Аяққа қонған бақытты ұстай алмағандар: талтаң-талтаң басып, олай-бұлай шалқақтауы мүмкін. Басында білімі болмаса, ол бақытын теуіп жіберуі мүмкін.

Содан көкірекке қонады. Ол кезде кейбір адам көкірегін керіп, кергиіп, адам менсінбей қалуы мүмкін. Басында білімі болмаса, ол бақытын кеудесімен итеріп, ұшырып жіберуі мүмкін.

Ауызға қонады. Ауызына ие бола алмай, мақтанышпен айтып, қолынан келсе, мазаққа айналдырып, жасап отырған ісін мақтанышпен айтып, барын жайып бөсуі мүмкін. Басында білімі болмаса, ол бақытын біреу аузынан қағып әкетіп, пайдалануы мүмкін. Көзге қонады. Көзін шел басып, ештеңені көрмей, жоғары қарап, амандаспай өтіп кетуі мүмкін. Олай жасаған адамды қарғыс атады дейді. Адам менсінбеу барып тұрған имансыздық. Ондай адам жан жолдасын, жақсы адамдардан қол үзіп қалуы мүмкін. Ертең ол адамдардың жасаған жақсылығын ұмытқаны үшін, көзінен ұшырып алған бақытын кейін көре алмайтындай болады. Басында білімі болмағаны үшін ұшырып алған бақытын қайтадан қайтара алмайды. Қайтарса да кеш...

Ең соңында адамның басына қонады. Бұдан бұрындағы қонып келе жатқан бақыттар ол адам үшін сынақ. Үлкен сынақ. Сол сынақтан сүрінбей өткен адамның басына қонатын бақ. Басыңа бақыт құсы қонды деген осы. Басыңа қонған бақыт – Білім! Шын бақыт осы.

Бәлкім, расымен де мына отырған Сіз бақытты шығарсыз? Бақытты болыңыз!

V. Ойын «Менің бақытты әлемім»

Ойынның шарты бойынша жер шары ортасында «Бақыт» деген сөз жазулы тұрады. Балаларға дайын бес саусақ суреті беріледі. Олар өздерін осы өмірде не бақытты етеді соны жазулары керек. Сосын оны «Бақыт» деген сөздерге қосып жапсырады. Өзінің жазғанын түсіндіріп береді.

- Бақытты әлемде нелер болғанын қалайсыңдар? Сол суреттерді таңдап алып жер шарына жапсырыңдар. Оқушылар өз жұмыстарын таныстырады.

VI. Сергіту сәті

Жаттығу: «Джунглидағы жаңбыр»

Психолог: «Тар шеңбер болып тұрамыз. Джунгли орманындамыз деп ойлайық. Ауа-райы бастапқыда керемет болды. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезгілде самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі (арқаға батыңқырайтын қимылдар жасалады). Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңыз). Содан кейін жай жаңбыр сіркіреді (көршінің арқасын саусақтарыңмен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауып, сосын жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді жаттығуды ауысып жасайсыз.

Талдау:
- мұндай жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?
- жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?
- өз сезімдеріңіз бен көңіл-күйлеріңізді бөлісіңдер».

Минут сайын сезінем бақыт дәмін,
Қуанышқа толады уақыттарым.
Айналаның бәрінен бақыт көрем,
Арайланып тұрғанда атып таңым.

Күні-түні шүкір деп шаттанамын
Сәбидеймін, көңілім аппақ әлі!
Көзім – шырақ, санам – сау, ғалам – ғажап,
Бұдан артық бола ма бақ бағалы?

VII. Жүректен жүрекке.

- Балалар, бүгін біздің қалашығымыздың маңынан «Бақыт керуені» өтіп барады екен. Олар бақыт іздеп ұзақ сапардан келе жатса керек. Біз сабақтан «бақыт» дегеніміз не екенін ұғындық қой. Мүмкін керуенге бағыт берерміз? Сондықтан мен сендерге қалам-қағаз алып, «Бақыт дегеніміз не?» деген сұраққа жауап болатындай бір-бір сөз жазып, керуендегі түйелердің қоржындарына салуды тапсырамын.

(Балалар өздері жазған сөздерді дауыстап оқып, неге ол сөзді жазғанын ұғындырады да шеңберге келіп тұрады.)

VIII.Рефлексия. «Күн сәуелесіне шуақтап...».

Мақсаты: кері байланыс алу.

Қажетті құралдар: стикерлар және қаламдар, ватман. Қатысушылар шеңбер болып отырады.

Нұсқау: Сіздердің алдарыңызда күн бейнеленген плакат тұр. Көріп тұрғанымыздай, күнде шуақтары жоқ. Қазір сіздер осы плакатқа кішкентай парақшаларға тренингтен алған әсерлерініңізді, бір бірлеріне тілектерініңзді жазып, жапстырамыз. Қатысушылардың тренигтен алған әсерлері талқыланады.

Психолог:

Балалар, мен сендермен бүгінгідей мән-мағынасы терең, керемет сабақ өткеніме бақыттымын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз