Өлең, жыр, ақындар

Қызылорда

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1381
(Ақмешіт қаласының 1925 жылы Қызылорда аталуына)

Қай орда, мынау орда?
Қызылорда!
Төбесі күнге жалғас қызық орда.
Есігін еңбекшіге ашып қойып,
Қаратты күлімдете жүзін орда!
«Ақ орда», «жасыл орда», «алтын орда»,—
Жылатқан, еңіреткен халқын орда.
Қонысын, іргесін де аулақ салған,
Біздің орда олардан артық орда.
Көкорай мынау біздің қонған мекен!
Оңды қоныс қайда бар мұнан бөтен?
Көш көлікті болуы бастаушыдан,
Бастап әкеп қондырған Ленин әкем!
Қызылорда, еңбекші, сенің ордаң,
Мынау жер сенің жерің тауып қонған,
«Сырты сұлу, іші улар» тұз жаласын,
Тағы биік ұшайық, қанат қомдан!..

1925



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүт заводы

  • 0
  • 0

Мәз-мәйрам боп, қарқ-қарқ күліп қатындар,
Шуласады: «Жылдамырақ тартыңдар!»
Күр-күр етіп зырылдайды доңғалақ,
Күлімдейді өңкей «нашар-пақырлар».

Толық

Мәдени майдан

  • 0
  • 0

Мүйізді қара жұдырық,
Тоқпақтай боп жұмылып,
Бүлкілдеген бұлшық ет
Денеде бұлт-бұлт жүгіріп

Толық

Туған халқыма

  • 0
  • 0

Әр уақыт амандаса келіп кетіп,
Жүргенде сый-құрметін, үнемі өтіп,
Өмірің және елдігің өсуіне
Жылдан-жыл күшейеді сенім бекіп.

Толық

Қарап көріңіз