Өлең, жыр, ақындар

Бауыржан батыр

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 355
Ер серті

Жау шапты.
Күн туды ауыр ел басына.
Күн туды, салмақ түсер ер басына.
Бір емес, екі сойқан соғыс шығып,
Жиырмасыншы айналды кер ғасырға.
Жүрген ек кеше ғана жайраң қағып,
Сан қала жатыр бүгін ойрандалып.
Енді-енді есін жиып келе жатқан,
Аранға тағы түстің қайран халық.
Біз бе екен жасқанатын жаудан қашып,
Көрелік күш сынасып майданда ашық.
Бір апта жүздеспесек жылдай болар,
Хош махаббат, сүйген жар, қайран ғашық.
Өзіңді қорғай алсам, қалған елім,
Одан өзге арманым бар ма менің.
Жауға аттанып барамын, бер батаңды
Ерке өскен, еркін өскен ардаң едім.
Хош туған жер, хош елім, жайсаң далам,
Белгілі аманатың айтар маған.
Фашизмнің ордасын ойран етіп,
Кек қайырмай оралмас қайсар балаң.
Жеңістің көппен көріп асық таңын,
Үміт зор, оралармын асып бағым.
Шайқастарда жан беріп, жан алысқан,
Қайыспан қалғанша бір қасық қаным!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлымын Амангелді сарбазының

  • 0
  • 0

Нық қадап туралықтың тал қазығын,
Ел-ел – деп мұз жастанып, қар жамылдым.
Бас пайдасы кірмейтін түсіне де,
Ұлымын Амангелді сарбазының.

Толық

Фаризаға

  • 0
  • 0

Болатын уәзипасыз заман бар ма,
Көнген елміз зауалға, тажалдарға.
Пысықтар жүр қалпағын аспанға атып,
Не көрінген бұл күнде адамдарға?

Толық

Көш келеді

  • 0
  • 0

Басынан өр Алтайдың көш келеді,
Көшкен сайын көңілім хош көреді.
Сол көшпен тар заманда, зар заманда,
Амалсыз айрылысқан дос келеді.

Толық

Қарап көріңіз