Өлең, жыр, ақындар

Саналымен сырласқымның келгені

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 368
Саналымен сырласқымның келгені,
Жүректегі нұрды ашқымның келгені.
Көктем болып, қара жерде бусанып,
Талдардағы бүрді ашқымның келгені.
Қызғалдақты қырдан үзгім келгені,
Құлаш жайып көлде жүзгім келгені.
Түкпірімде жатқан маржан тастардан
Жібек жіпке моншақ тізгім келгені.
Достарыммен қауышқымның келгені,
Қыстан жазға ауысқымның келгені.
Тілекші жан жолда сусын ұсынса,
Бәрін ішіп, тауысқымның келгені.
Шын бақытты сезінгімнің келгені,
Шаршап-талып көз ілгімнің келгені.
Жақсы күнге аман-есен жетпесем,
Жігерім мен төзімімнің өлгені.
Жел боп ұшып, ентік басқым келгені,
Майса шөпті елтіп басқым келгені.
Көгілдір түс көктемге бір айналып,
Қара жерді көлкіп басқым келгені.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әз көктем, аяулымсың армандаған

  • 0
  • 0

Әз көктем, аяулымсың армандаған,
Мен сені іздеп жүрдім бар ғаламнан.
Жабықсам, сенсің мені құтқаратын
Көк жүзін көлеңке бұлт торлағаннан.

Толық

Амансың ба, мен бармаған тау беті

  • 0
  • 0

Амансың ба, мен бармаған тау беті,
Амансың ба, диуана күн әулекі.
Қош бол сен де, жайлы тұрмыс, жайлы өмір,
Шулап қалған надандықтың әулеті!

Толық

Үнсіз қалма, жүрегім, сөйле менің

  • 0
  • 0

Үнсіз қалма, жүрегім, сөйле менің,
Сөйлегім кеп тұрады кейде менің.
Мен тоқтата алмаймын бұрқыраған
Өмірімнің өміршіл ойлы өлеңін.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар