Өлең, жыр, ақындар

Сыңсып қайың тіл қатпаған

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 667
Сыңсып қайың тіл қатпаған
Шақта кешкі, күн батпаған.
Бақта бір қыз жылап отыр,
Неге екені жұмбақ маған.
Біле алмадым: намысты ма,
Көзден ыстық бақ ұшты ма?
Оралмайтын қайран бақыт
Осы бақта табысты ма?
Сенемін деп алданды ма?
Алдандым деп арланды ма?
Жапа-жалғыз жылайды өксіп,
Қайран жүрек арманды ма?
Жылап дерттен айықты ма?
Ұқсайды өзі байыптыға.
Кінәлі ме біреу оған,
Бәлкім, өзі айыпты ма?
Сыңсып қайың тіл қатпаған
Шақта кешкі, күң батпаған,
Бақта бір қыз жылап отыр,
Неге екені жұмбақ маған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балдәурен

  • 0
  • 0

Жайсам деймін мол өркен,
Гүлдей арай жүрегім.
Озбау үшін көлеңкем.
Күнге қарай жүремін!

Толық

Халқым болып оянып күн кешемін

  • 0
  • 0

Халқым болып оянып күн кешемін,
Тәңіріммен тәңірдей тілдесемін.
Осы бір құдіретті сезімдерді
Ақын болып тумасаң білмес едің.

Толық

Әнді тыңда, аяулым

  • 0
  • 0

Аяулым, әнді тыңда арманыңдай,
Асыл сыр айтшы, жаным, бар ма мұндай?
Әуелі әуен жазсын маңдайыңа,
Бұл өмір бақыт берсе бармағындай.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар