Өлең, жыр, ақындар

Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 449
Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды
образ, ой боп табысып —
ақтарып бәрiн сөйлеген
өзеннiң, көлдiң, орманның
ақкөңiл, адал дауысы!
Түскенде сол үн өлеңге
қалмасын десең түк ұқпай
артық сөз, артық бояусыз
сөйлеуiң керек тереңнен
өзен боп,
жел боп,
орман боп,—
тұншықпай, бүкпей, тұтықпай!
Кеудеде кетер күй тасып
қайырып дауысын ұзақтан,—
өлеңнiң әрбiр ұйқасы
өлеңнiң жолын ғана емес
өмiрдi жатса құшақтап.
Шығатын оқып құмардан
айтуым үшiн бiр сөздi —
мысқалдап, миллиграмдап
дәлдiктi iздеп өлшеген
аптекарьдiң
безбенiндей теңселем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күздегі алаң-көңіл

  • 0
  • 0

Сарыала жапырақтардың
Жыртып-жыртып лақтырған
Сарыала қағаздардай боп
Бұрқырап ұшуын-ай.

Толық

Құм көші

  • 0
  • 0

Үш күн бойы жатты сусып құм көшiп.
Күйдiрген соң тас төбеден күн тесiп,
кеуiп қалған мына дала тигiзсең
лап етердей оттың ұшқын бiлтесiн...

Толық

Алаң көңіл

  • 0
  • 0

Заманның лебі
Суып барады.
Құдай-ау,
Қашан ол

Толық

Қарап көріңіз