Өлең, жыр, ақындар

Әкім інілеріме

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 445
Ислам, Әли, Әуелхандарға

Сендер бiздi
Жотаның үстiмен жүргiздiңдер,
Таулардың үстiне мiнгiздiңдер.
Қазақтың талай ақыны кiрмеген
Бұлттардың iшiне кiргiздiңдер.
Күндей күркiретiп күлгiздiңдер,
Талай-талай тарихты бiлгiздiңдер!
(Әкiм iнiлерiм мен
Ақын iнiлерiм
Шұрқырап табысты.
Өзен мен өзен қосылғандай
Бұрқырап табысты).
Ормандарға кiрiп
Қайындардай болдық.
Өзендерге түсiп
Жайындардай болдық.
Өгемдей сарқырадық.
Бөгендей жарқырадық.
Шардараны шайқап iштiк.
Қызылкөлдi – рас! –
Тұзды екен
Байқап iштiк...
Күн де жанып тұрды.
Сендер де жанып тұрдыңдар
Жанымызды алау етiп
Жағып тұрдыңдар.
Араларыңда
Ақ жүрекпен ақтарылып
Жарылып жүрдiк.
Ағаштардың жапырақтарын –
Күн өтпесiн деп! –
Жамылып жүрдiк.
Адамдармен кездесiп
Алыптарға айналдық.
Бұрқырап тасыған
Ақ жал толқынды
Шабыттарға айналдық.
Мыңжылқыдай марқайдық,
Қазығұрттай қартайдық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кісәпірдің сөзі

  • 0
  • 0

Құлқыны —
Қырық құлаш шыңырау,
Араны —
Алпыс кез апан

Толық

Опасыз жанға

  • 0
  • 0

Мен сенi өзгелерден
Тосын дейтiн едiм.
Асыл дейтiн едiм.
Сөйтсем,

Толық

Бізді билеп үйренгендерге

  • 0
  • 0

Сендер бiздi
Табанға сап илегенсiңдер.
Соған үйренгенсiңдер.
Сен ендi бiлiп ал! –

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар